АҚШ тәуелсіздік декларациясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Томас Джефферсон
Томас Джефферсон ескерткіші

АҚШ тәуелсіздік декларациясыСолтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғыс кезінде 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда өткен Екінші Құрлықтық конгрессте қабылданған. Тәуелсіздік декларациясының негізіне республикалық және демократиялық рухта жасалған Томас Джефферсонның жобасы алынды. Онда 13 британ отарының метрополиядан бөлініп, дербес, тәуелсіздік мемлекет – Америка Құрама Штаттарының құрылғанын жарияланды. Тәуелсіздік Декларациясы адамдардың заң алдындағы теңдігін, олардың өмір сүруге деген табиғи құқығын, бостандығы мен бақытқа ұмтылуын жариялады. Алайда құл иеленушілердің қысымымен декларация мәтінінен құлдықты айыптаған жолдар алынып тасталды. Кейіннен Тәуелсіздік Декларациясының қабылданған күні америка халқының ұлттық мейрамына айналды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том