Луба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Луба
балуба
Бүкіл халықтың саны

11 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Конго Демократиялық Республикасы

Тілдері

луба тілі

Діні

католицизм, суннизм, дәстүрлі нанымдар

Луба (балуба) — банту тобының халқы, Конго Демократиялық Республикасының ең үлкен халқы..[1] Жалпы саны шамамен 11 млн.адам.[2]

Тілі - луба тілі. Диалектілері: чилуба, или касаи, лулуа, кисиланге.[3]

Сенушілердің діни байланысы: католиктер, сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі нанымдар.[4]

Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, тары, жеміс-жидек, көкөніс, маниок, ямс), аңшылық және терушілік, қолөнерден (металлургия, ұсталық, тоқымашылық, тоқу, керамика, ағаш ою). Тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізі – ауыл қауымы. Матрилиндік рулық құрылым сақталған. Отбасы шағын, көп әйел алушылық (дворяндар арасында), әмеңгерлік кездеседі. Тұрмысқа шыққан әйелдер еркіндікке және ажырасуға құқылы. Алмасу некелеріне артықшылық беріледі. Әкелік құқыққа байланысты нормалар (мұрагерлік, некені өтеу және т.б. ережелері) таралуда.

Дәстүрлі тұрғын үйлері – сырықтар мен бұтақтардан өрілген, төбесі пальма бұтақтарымен жабылған конустық пішінді дөңгелек үйлер.

Дәстүрлі киімдері – тігілмеген белдемше – еуропалық және конголық (ерлер үшін кең жейделер және әйелдер үшін ұзын түрлі-түсті көйлектер) киімдермен ауыстырылады.

Лубада бай фольклор (негізгі жанр — жануарлар туралы ертегілер) және құпия қоғамдар сақтайтын тарихи дәстүр бар.

Музыкалық және би мәдениеті дамыған. Негізгі музыкалық аспаптар — барабандар, маримба (пернетақта).[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/linguistics/text/2149372
  2. Луба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/309858
  3. ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%BB%D1%83%D0%B1%D0%B0
  4. Современная энциклопедия Луба https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/202622-luba/
  5. Народы и культуры Луба
  6. народы мира / Луба http://www.etnolog.ru/people.php?id=LUBA