Content-Length: 138608 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%B9%D0%B3%D0%B0

Тайга — Уикипедия Мазмұнға өту

Тайга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тайга жердің солтүстік белдеуүрінде тундра мен дала арасында кең тараған.

Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) — солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалың тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралға жақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Енисейден шығысқа қарай Сибирь бал қарағайы басым, бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы үстірттердің бас жақтарында теселме самырсындар жыңғылдары пайда бола бастайды. қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған.

Орналасқан жері

Тайга Еуразия мен Солтүстік Американың орасан зор алқаптарын қамтиды. Еуропаның солтүстік-батысында солтүстік полюс шеңберінен асып, Скандинавия тауларына дейін көтеріліп, оңтүстігінде 58 с.е-ке дейін түседі. Сібірдің континенттік климатына байланысты солтүстігінде 72 с.е. және оған керісінше Азияның шығыс жағалауында мұхиттық климат жағдайында оңтүстік-шығысқа (Жапон аралдарында 42 с.е. дейін) өтеді. Солтүстік Америкада Аляска тауларының шығыс беткейінен Лабрадор жағалауына дейін жетеді. Тайга тауларда биіктік ландшафты белдеуді құрайды. Солтүстік Еуропаның, Сібір мен Қиыр Шығыстың, Жапон аралдарының, Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының тауларында таралған. Тайга солтүстікте орманды тундра белдемі, оңтүстікте аралас орман мен орманды дала белдемдерінің аралығын алып жатыр. Белдемнің жазы салқын, қысы аязды, ұзақ. Қаңтардың орташа темп-расы –20С-тан 50С-қа дейін, шілдеде 12 – 20С. Жылдық жауын-шашын мөлшемі 300 – 600 мм. Суайрықтар күшті батпақтанған. Көп жылдық тоң кең таралған. Өзендері мол сулы.

Флора

Өсімдік түрлерінің құрамына қарай шырша, майқарағай, самырсыннан тұратын қанық жасыл қылқанды және балқарағай мен қарағайдан тұратын солғын жасыл қылқанды ормандарға ажыратылады. Кейде оларға ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен қайың мен көктерек араласады. Қою қанық жасыл қылқанды орман ағаштары саздақты күлгін топырақта бір-біріне жақын, тығыз өсетіндіктен күн түспей, орман іші қара көлеңкелі келеді. Жапырақты ағаштардан орманның кесілген және өртелген жерлерінде өсетін қайың мен көк терек, ал олардың етектерінде қарақат, шетен және тал кездеседі. Солғын жасыл қылқанды орман ағаштары Тайганың тоң топырағы (даур балқарағайы) мен құмды грунтта (қарағай) сирек таралғандықтан, орман асты шілігі (жатаған самырсын, бұта түріндегі қайың) мен шөптесін өсімдіктер қаулап шығады. Тайгада орасан зор ағаш байлығы шоғырланғандықтан орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, соның ішінде бұғы шаруашылығы дамыған; бағалы аң терісі көп дайындалады. Оңтүстігінде дәмді дақылдар, зығыр және картоп өсіріледі. Батыс Сібір тайгасында мұнай мен газдың ірі кен орындары бар.

Солтүстік Америкада евразиялық ормандарға қарағанда түрлік құрамы бай, негізінен Тынық мұхит бөлігінде шоғырланған. Ең көп таралғаны Бэнкс қарағайы, Веймут қарағайы. Бүкіл зонада туя, тсуга самырсынның басымдылығы байқалады, ал оңтүстігіне қарай Энгельман шыршасы, секвойя кездеседі.

Фауна

Жануарлар дүниесінен бұлан, қоңыр аю, сілеусін, тиін, сусар, ор қоян, түлкі, елік т.б. бар.
Тайга құстарға бай, онда құр, саңырау құр, тоқылдақ, үкі т.б. тіршілік етеді.
Бауырмен жорғалаушылардан кәдімгі қара жылан, кесіртке кездеседі.[1]

Дереккөздер

  1. Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9

Әдебиеттер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%B9%D0%B3%D0%B0

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy