Content-Length: 128633 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BB%D0%B5%D1%88_%D0%B6%D0%B0%D0%B4%D1%8B

Флеш жады — Уикипедия Мазмұнға өту

Флеш жады

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Компьютерлік жад түрлері
Энергияға тәуелді
Энергиядан тәуелсіз

Флеш жады (ағылш. flash memory) — қатты денелі жартылай өткізгіштің энергобайланысты қайта жазылушы жады түрі. Ол оқылу реті шексіз, бірақ жазып-өшіру шектеулі (млн шамасында).

Флеш жады электрлік жолмен жазылған мәліметтерді есте сақтай алатын микросұлба (чип) түрінде жасалған жад түрі. Мәліметтерді өшіру электр разряды арқылы орындалады да, оған қайта жаңасын жазып, ұзақ уақыт сақтауға болады.

Қазіргі кезде флеш-карта (flesh-cards) түрінде жасалған Флеж-Жад кез келген компьютерде, цифрлы фотокамераларда, смартфондарда пайдаланылады. Флеш-картаның кең тараған, Sony фирмасы шығарған MemoryStіck нұсқасы 1998 жылдан шығарыла бастады, ол басқаларына — SmartMedіa, CompactFlesh нұсқаларына қарағанда шағындау, мыс.: 5021,52,8 мм көлеміндегі MemoryStіck картасының салмағы 4 г. Intel фирмасы флеш-жадының екі есе жоғары тығыздықпен мәлімет жаза алатын көп деңгейлі түрлерін жасады. Флеш-карталардағы сақталатын мәліметтер көлемі 2 Гбайт және одан да көп болып шығарылады. Қазіргі кездегі флеш жады шығаратын танымал компаниялар: Transcend, Kingston, PQI, Apacer, SanDisk, Samsung, Sony.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
USB флеш жадының чипі (алдыңғы жақта) және микроконтроллері (оң жақта)








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BB%D0%B5%D1%88_%D0%B6%D0%B0%D0%B4%D1%8B

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy