Content-Length: 87438 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BB%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%86%D0%B8%D1%8F

Флокуляция — Уикипедия Мазмұнға өту

Флокуляция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ФЛОКУЛЯЦИЯ (латынша flocculі — үлпек, мақта) — коагуляттану кезінде дисперстік фаза бөлшектерінің борпылдақ мақта тәрізді агрегаттар (флокулалар) түзуі. Сұйық жүйедегі Флокуляция арнайы қоспа флокулянттар қосу арқылы жүреді және жылу мен механика әсер кезінде өршиді. Ең тиімді флокулянттарға еритін полимерлер (поликремний қышқылы, полиакриламид, полиакрил қышқылы, крахмал, т.б.) жатады. Бұлардың әсерін олардың жіпше созылған макромолекулаларының бірдей уақытта бірден бірнеше бөліктерге адсорбциялануымен түсіндіреді. Пайда болған агрегаттар мақта тәрізді түзілімдер түзеді. Оны тұндыру немесе сүзу арқылы бөліп алады. Флокуляция техника және тұрмыстық су даярлауда, пайдалы кендерді байытуда, топырақ құрамын жақсартуда, өндірістік ағынды суларды залалсыздандыруда, т.б. қолданылады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том









ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BB%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%86%D0%B8%D1%8F

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy