Content-Length: 151328 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/The_Walt_Disney_Company

The Walt Disney Company — Уикипедия Мазмұнға өту

The Walt Disney Company

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
The Walt Disney Company
Түрі

компанияның бөлімшесі

Биржадағы листингі

NYSE: DIS

Қызметі

шоу-бизнес

Құрылды

16 қазан 1923 жылы

Құрушы

Уолт Дисней және Рой Дисней

Орналасуы

 АҚШ: Бербанк, Калифорния

Басты адамдары

Боб Чапек (президент) Сьюзан Арнольд (директорлар кеңесінің төрағасы)

Саласы

Телерадиотарату, анимация, кинематография, тематикалық саябақтар

Айналым

$67.418 млрд (2021)

Операциялық кірісі

14,7 млрд $ (2018)

Таза табыс

$8,9 млрд (2017)

Қызметкерлер саны

190,000 (2021)

Еншілес компания

Pixar, Lucasfilm, Marvel Entertainment, 20th Century Fox, Walt Disney Studios және Walt Disney Parks and Resorts

Сайты

thewaltdisneycompany.com

The Walt Disney Company — америкалық көпсалалы, көпұлтты БАҚ және ойын-сауық конгломераты. Штаб-пәтері Калифорния штаты, Бербанк қаласындағы Уолт Дисней студиясында орналасқан. Бұл табыс көлемі бойынша, Комкаст компаниясынан кейін, әлемдегі екінші үлкен медиа-конгломерат.

Дисней 1923 жылы 16 қазанда Уолт Дисней мен Рой О. Дисней ағалы-інілерімен Disney Brothers мультфильм студиясы болып негізделіп, кино өнеркәсібі, телевидение және тематикалық парктерге диверсификацияланбай тұрып өзін американдық анимациялық индустрияның көшбасшысы ретінде таныстырды[1]. Сонымен қатар, компания Уолт Дисней Студио кейін Уолт Дисней продакшн атымен жұмыс істеді. Қазіргі атауын 1986 жылы қолдана отырып, ол өзінің бар операцияларын кеңейтіп, театр, радио, музыка, онлайн-медиа мен баспа ісі бойынша бөлімдерін ашты.

Оған қоса, Дисней сол кезден бері әдетте отбасыға бағытталған басқа флагмандық брендтермен ассоциацияланатын контентке қарағанда көбірек жетілген түрін сату мақсатында корпоративтік бөлімшелер құрды. Компания бүгінгі күні америкалық кинода ең үлкен және ең әйгілі студиялардың бірі болып табылатын өзінің Уолт Дисней Студиос киностудиясының туындыларымен танымал. Одан басқа Диснейдің үш негізгі бөлімшелері бар: nsumer Products and Interactive Media. Сонымен қатар, Уолт Диснейдің парктері мен шипажайлары, Дисней Медиа желілері және Дисней Ко Дисней ABC телевизия желісін, Disney Channel, ESPN, A + E және Freeform секілді кабельдік телевизия желілерін, баспа, мерчандайзинг, музыкалық және театрлық бөлімшелерін басқарады; дүниежүзі бойынша 14 тематикалық парктерге ие.

Компания 1991 жылдың 6 мамырынан бастап Dow Jones өнеркәсіптік көрсеткішінің құраушы бөлігі болып табылады. 1928 жылы жарыққа шыққан Микки Маус мультфильмі Диснейдің негізгі таңбасы мен бойтұмары болып табылады.

Компания бөлімшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Walt Disney компаниясы «бизнес-сегменттер» деп атайтын негізгі төрт бизнес-бөлшектермен жұмыс істейді: Өзіне компанияның фильмін, музыка жазу лейблын мен театрлық бөлімшелерді қосатын негізгі Уолт Дисней Студиос бизнес-бөлімшесімен қоса Студ ио Интертейнмент; Компанияның тематикалық парктері, круиз желісі мен сапармен байланысты басқа да активтер ұсынылған парктер мен шипажайлар; құрамында компанияның телевизиялық ерекшеліктері бар Медиа Нетуоркс; және Дисней объектілеріне негізделген ойыншықтар, киім мен одан басқа мерчандайзинг шығаратын, сондай-ақ, ғаламтор, мобильді, әлеуметтік желілер, Disney виртуалдық ғаламдары және компьютер ойындары кіретін Disney Consumer Products and Interactive Media. Үш сегмент төрағамен басқарылады, бірақ Disney Consumer Products and Interactive Media қазіргі кезде президенттің қол астында. Marvel Entertainment те бас директордың тікелей өкілі болып табылады, ал оның қаржылық нәтижелері көбінесе Studio Entertainment пен Consumer Products сегменттерінің арасында бөлінген. Әзірше, Maker студиясы Studio Entertainment пен Media Networks сегменттерінің арасында бөлінген.

Компанияның басты ойын-сауық холдингтері өзіне Walt Disney, Disney Music Group, Disney Theatrical Group, Disney-ABC Television Group, Radio Disney, ESPN Inc., Disney Interactive, Disney Consumer Products, Disney India Ltd., The Muppets Studio, Pixar Animation , Marvel Entertainment, Marvel Studios, UTV Software Communications, Lucasfilm және Maker Studios студияларын кіргізеді.

Шипажайлар мен соларға байланысты диверсификацияланған холдингтер құрамына Walt Disney парктері мен шипажайлары, Disneyland шипажайы, Walt Disney World шипажайы, Tokyo Disney шипажайы, париждік Диснейленд, Euro Disney SCA, Гонконг Диснейленд шипажайы, Шанхай Дисней шипажайы, Disney Vacation Club, Disney Cruise Line, және Adventures by Disney.

Дисней медиа жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Disney Media Networks – өзіне түрлі телевизиялық желілерді, кабелдік арналарды, оларға байланысты өндірістік және орналастырушы компанияларды, сонымен қатар, тиесілі, басқарылатын телевизиялық станцияларды қосатын Walt Disney компаниясының бизнес-сегменті мен негізгі бөлімшесі. Сондай-ақ, Media Networks Диснейдің A + E және ESPN Inc. желілеріне арналған Hearst Communications-пен ортақ кәсіпорынға қызығушылығын басқарады. Бұл «қосарлас төрағасы», яғни екі көшбасшысы : ESPN мен Disney-ABC Television Group президенттері болатын жалғыз бөлімше. Дисней саябақтары пен шипажайлары Disney Parks and Resorts Диснейдің барлық саябақ пен шипажайларын иелену мен басқаруды қамтиды.

Дисней ойынсауық студиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Disney Studio Entertainment бөлімшесі барлық Walt Disney Studios, Walt Disney Animation Studios, Pixar, Disney Music Group, Disney Theatrical Group, Disneytoon Studios, Marvel Studios, Disney Nature және Lucasfilm студияларын басқаруды қамтиды.

Disney Consumer Products and Interactive Media бөлімшесі Disney Publishing Worldwide, Disney Store және Disney Digital Network бақылаумен айналысады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/The_Walt_Disney_Company

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy