Құрметті респонденттер!
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі респондеттерге жүктемені азайту мақсатында 2011 жылдан бастап деректерді on-line режимінде жинау бойынша ақпараттық жүйені енгізуді жүзеге асырып жатқандығын хабарлайды. Пайдаланушының басшылық етуі.
Қазіргі кезде 1-ІС (тоқсандық) нысаны бойынша есептілікті электронды түрде тапсыру мүмкіндігі берілді.
1-ІС (тоқсандық)
Бұл үшін қажет:
1. Internet Explorer браузерінің 6.0 және жоғары нұсқасы
2. Microsoft Sirverlight 4 пакеті (Sirverlight.rar мұрағат файлын көшіріп алу)
3. Ұлттық куәландырушы орталықтың (ҰКО) сайтында орналастырылған, Tumar криптопровайдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі.
4. Capicom бағдарламалық қамтамасыз етуі (Capicom.rar мұрағат файлын көшіріп алу)
5. ҰКО беретін, RSA және ГОСТ алгоритмдері негізіндегі сертификаттарды алу, орналастыру. Заңды тұлғаларға аутентификация құралдарын және электронды цифрлық қол таңбаны беру Халыққа қызмет ету орталықтарындағы Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Ол үшін бизнес-идентификациялық нөмірі (БИН) бар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс. Тіркеу орталықтарының тізімі Ұлттық куәландырушы орталықтың сайтында қол жетімді.
6. Браузердің күйге келтіруінде https://eso.stat.kz:455 сайты үшін ActiveX компоненттерін және Javascript қолдануға рұқсат беру.
Құрметті респонденттер, біз сіздердің пікілеріңізді аса бағалаймыз, сондықтан деректерді on-line режимінде ұсыну бойынша ұсыныстарыңызды электронды почтамен info@statbase.kz және мына телефонға хабарласыңыздар 717 2-74-94-50