Ұлы Моғолдар патшалығының падишаһы — Ұлы Моғолдар патшалығының басшысы, Ұлы Моғолдар әскерінің бас қолбасшысы.
Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушысы Бабырдың арғы атасы Әмір Темір еді. Темірдің үшінші баласы Миран шаһтан (Хорасан наменгері) Омар Шейх мырза (Ферғана әмірі) туды. Ал Омар Шейх мырзаның баласы Бабыр еді. Бабырдың анасы Құтлық Нигяр ханым Шыңғыс ханның ұрпағы еді. Сондықтан Ұлы Моғолдар әулеті Темір әулетінен ғана емес, Шыңғыс хан әулетінен де тарайды.
Бабыр әкесінен кейін Ферғананың әмірі (1494 -1504 ) болған-ды, кейін Мәуереннаһрдың (1497 -1498 ), Кабулдың (1504 -1526 ) және Қандағардың әмірі (1512 -1526 ) болды.
Мұхаммед Шайбани ханның Самарқанды жаулап алып, Мәуереннаһрда билік орнатуына байланысты Бабыр Ауғанстанға кетуге мәжбүр болды. Осында ол 1504 жылы Кабулды жаулап, сол жерде өзін "падишаһ " деп жариялады. Бабырдың Мәуереннаһрда арғы атасының патшалығын қайта жанғарту арманы өте зор болған-ды. Сондықтан падишаһ 1511 жылы шиит болған парсы шаһы I Ысмайылмен әскери одақ құрып, Самарқанды қайтарып алды. Алайда жергілікті сунниттік халық шииттік билікке наразы болды, және Бабыр қаланы қалдыруға тура келді. 1514 жылдан бастап Бабырдың Мәуереннаһр жайлы армандары Үндістан жайлы армандарға ауысты.
1519 жылдан бастап Бабыр Кабулдан Солтүстік-Батыс Үндістанға жорықтар жаса бастады. 1525 жылы Дели сұлтандығының сұлтаны Лоди Ибраһим шаһтың қас дұшпаны Аллам ханды көмекке шақырып, келесі жылы Делиге жорық бастайды. Сол жылдың сәуірінде падишаһ делилік сұлтанды Панипат шайқасында жеңді. Ал 1527 жылы раджпут раджасы Санграм Сингхті Кхануа шайқасында талқандады. Осы шайқастарда Бабыр зеңбіректер мен мылтықтарды сәтті қолданды. Ал Мұхаммед Шайбани ханнан ол тулгам секілді әскери әдістерді алып пайдаланды.
Солтүстік-Батыс Үндістанды жаулап алған Бабыр осылайша Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалайды. 1529 жылы патшалық құрамында Шығыс Ауғанстан, Панджаб және Ганг алқабы болды.
№
Тақтық есімі
Бетсуреті
Билік мерзімі
Билік ұзақтығы
1
әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам Захиреддин Мұхаммед Жалалуддин Бабыр , Падишаһ-и-Ғази
30 сәуір 1526 — 26 желтоқсан 1530
4 жыл, 8 ай
2
әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Жам-и-Сұлтанат-и-Хақиқи уә-Мажази, Сейіт әс-Салатин, Әбілмұзаффар Насыреддин Мұхаммед Хумаюн , Падишаһ-и-Ғази, Зиллуллаһ
26 желтоқсан 1530 — 17 мамыр 1540 22 ақпан 1555 — 27 қаңтар 1556
10 жыл, 4 ай
3
әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Имам-и-Әділ, Сұлтан әл-Ислам, Каффатт әл-Анам, Әмір әл-Мүминин, Мәлік-и-Үндістан, Халифат әл-Мүтаали, Әбілфатх Жалаладдин Мұхаммед I Акбар , Сайып-и-Заман, Падишаһ-и-Ғази, Зиллуллаһ, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия
27 қаңтар 1556 — 27 қазан 1605
49 жыл, 9 ай
4
әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хушру-и-Гити Панах, Әбілфатх Нұреддин Мұхаммед Жаһангір , Падишаһ-и-Ғази
15 қазан 1605 — 8 қараша 1627
22 жыл, 1 ай
5
Шаһиншаһ әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Мәлік-үл-Сұлтанат, Ала Хазірет Әбілмұзаффар Шихабаддин Мұхаммед I Шаһ Жаһан , Сайып-и-Қыран-и-Сани, Падишаһ-и-Ғази, Зиллуллаһ, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия
30 желтоқсан 1627 — 8 наурыз 1658
30 жыл, 3 ай
6
әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хазірет Әбілмұзаффар Мүхйиаддин Мұхаммед Аурангзеб Баһадүр I Әлемгір , Падишаһ-и-Ғази, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия
31 шілде 1658 — 3 наурыз 1707
48 жыл, 8 ай
7
Падишаһ-и-Мүмәлік, Әбілпейіз Кутубуддин Мұхаммед Ағзам , Шаһ-и-Әли, Шаһ Ғази
14 наурыз 1707 — 8 маусым 1707
3 ай
8
Сайып-и-Қыран, Муаззам Шаһ Әлемгір Сани, Әбіннасыр Сейіт Кутубуддин Әбілмұзаффар Мұхаммед Муаззам Шаһ Әлем I Баһадүр Шаһ , Падишаһ-и-Ғази
19 маусым 1707 — 27 ақпан 1712
4 жыл, 8 ай
9
Шаһиншаһ-и-Ғази, Әбілфатх Муиззуддин Мұхаммед Жаһандар Шаһ, Сайып-и-Қыран, Падишаһ-и-Жаһан, Шаһиншаһ-и-Ғази
27 ақпан 1712 — 11 қаңтар 1713
11 ай
10
Әбілмұзаффар Муинуддин Мұхаммед Шаһ Фарук Сийяр Әлем Акбар Сани Вала Шан, Падишаһ-и-Бахр-у-Бар
11 қаңтар 1713 — 28 ақпан 1729
6 жыл, 1 ай
11
Әбілберекет Сұлтан Шамсуддин Мұхаммед Рафиуд Дәреже Падишаһ-и-Ғази, Шаһиншаһ-и-Бахр-у-Бар
28 ақпан 1719 — 6 маусым 1719
4 ай
12
Рафиуд Даула Сұлтан Рафиуддин Мұхаммед II Шаһ Жаһан и-Сани, Падишаһ-и-Ғази, Шаһиншаһ-и-Бахр-у-Бар
6 маусым 1719 — 19 қыркүйек 1719
3 ай
13
Әбілмұзаффар Насыреддин Мұхаммед Шаһ , Сайып-и-Қыран-и-Сани, Падишаһ-и-Ғази
27 қыркүйек 1719 — 26 сәуір 1748
28 жыл, 7 ай
14
Әбіннасыр Мүжаһитуддин Мұхаммед Ахмет Шаһ Баһадүр, Падишаһ-и-Ғази
26 сәуір 1748 — 2 маусым 1754
6 жыл, 2 ай
15
Әбіләділ Ғазизуддин Мұхаммед II Әлемгір , Сайып-и-Қыран, Падишаһ-и-Ғази
2 маусым 1754 — 29 қараша 1759
5 жыл, 5 ай
16
Мұхаммед Мухи әл-Миллат III Шаһ Жаһан , Падишаһ-и-Ғази
10 желтоқсан 1759 — 10 қазан 1760
10 ай
17
Әбдуллаһ Жалалуддин Әбілмұзаффар Хамуддин Мұхаммад Әли Гауһар Шаһ Әлем , Сайып-и-Қыран, Падишаһ-и-Ғази
24 желтоқсан 1759 — 29 тамыз 1788 16 қазан 1788 — 19 қараша 1806
36 жыл, 9 ай
18
Насыреддин Мұхаммед Кіші IV Шаһ Жаһан , Падишаһ-и-Ғази
29 тамыз 1788 — 16 қазан 1788
2 ай
19
Әбу Насыр Муинуддин Мұхаммед II Акбар Шаһ, Сайып-и-Қыран-и-Сани, Падишаһ-и-Ғази
19 қараша 1806 — 28 қыркүйек 1837
31 жыл, 1 ай
20
Әбілмұзаффар Сиражуддин Мұхаммед II Баһадүр Шаһ, Падишаһ-и-Ғази
28 қыркүйек 1837 — 14 қыркүйек 1857
20 жыл
Егер алғашқы 165 жыл ішінде Ұлы Моғолдар патшалығында 6 падишаһ ауысса, қалған 165 жыл ішінде 14 падишаһ ауысты.