Тафтазани, Сад әд-Дин Масуд б. Омар (парсы: سعدالدین مسعودبن عمربن عبداللّه هروی خراسانی تفتازانی‎) (1 наурыз 1322, Иран10 қаңтар 1390, Самарқан) — соңғы каламның көрнекті өкілі.

Ниса қаласының маңындағы Тафтазан мекенінде туған, әл-Иджи мен Құтб әд-Дин ар-Разиден дәріс алды. Мәуереннаһрдағы әртүрлі медреселерде ұстаздық етіп, отыз жылға жуық өмірін кезбелікпен еткізді, кейін Әмір Темірдің шақыруымен Самарқанға келіп, өле-өлгенше соның сарайында болды.

Тафтазани қаламтанудағы, сондай-ақ, логика, геометрия, поэтика және араб тілі грамматикасын терең білуімен атағы шыққан. Кейінгі ғасырларда оның қалам жөніндегі қысқаша толғамдары, яғни компендиумдары жоғары дәрежеге жетіп, оған көптеген түсініктеме жазылды. Мәселен, «Тахзиб әл-мантик уа-л-калам», «Макасид фи илм әл-калам» еңбектері бізге Тафтазанидің өз түсініктемелері арқылы жеткен.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-322-1
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy