Меланосома
Меланосома — жарыққа сезімтал меланиндер пигментін синтездейтін және сақтайтын органелла.
Меланосомалар жануарлар жасушаларында түсті өзгерту, сондай-ақ жарықтан қорғау қызметтерін атқарады.
Органелланың диаметрі 500 нанометрге дейін барады. Олар меланоциттер немесе меланофорлар деп аталатын жасушалардың құрамында болады, сондай-ақ торлы қабықтың пигментті эпителиінде болады.[1][2]
Меланоциттердің ішінде меланосомалар көбінесе қозғалыссыз күйде болады, ал меланофорларда дисперсия алады. Меланосомалардың қозғалысы негізімен гормондардың әрекетіне тәуелді болады.
Меланофорлар балықтарда, бақаларда, кесірткелерде (хамелеондарда) кең таралған.
Соңғы зерттеулерге қарағанда, меланосомалар өрмекшілер жасушаларыныӊ құрамында да бар екені анықталды.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Melanosomes at a glance". J Cell Sci 121 (pt24): 3995–3999. 2008. doi:10.1242/jcs.040667. PMID 19056669.
- ↑ "Melanosomes--dark organelles enlighten endosomal membrane transport". Nat Rev Mol Cell Biol 8 (10): 786–797. 2007. doi:10.1038/nrm2258. PMC 2786984. PMID 17878918.
- ↑ Hsiung, Bor-Kai; Justyn, Nicholas; Blackledge, Todd; Shawkey, Matthew (2017-05-31). "Spiders have rich pigmentary and structural colour palettes". Journal of Experimental Biology 220 (11): 1975–1983. doi:10.1242/jeb.156083. PMID 28566355.
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|