Content-Length: 116173 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%B5

Қара зере — Уикипедия Мазмұнға өту

Қара зере

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қара зере


Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
(unranked) Eudicots
Сабы: Ranunculales
Тұқымдасы: Ranunculaceae
Тегі: Nigella
Түрі: N. sativa
Екі-есімді атауы
Nigella sativa
L.
Синонимдері
  • Nigella cretica Mill.

Қара зере (лат. Nigella sativa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын, тік әрі көп бұтақтанған, биіктігі 30-60 см болатын сабақтары бар біржылдық өсімдік.

Жапырақтары майда көбіне екі-үш мәрте қауырсын тектес жарылған, саусақ тәріздес кейіпте аз, селдір кезекпен орналасқан. Жоғарғы жапырақтары гүлдердің астына орналасқан және олардың үстінде жамылғы тәріздес болып көтеріліп тұрады. Гүлдері бөлек-бөлек, қос жынысты, ақ, көгілдір немесе сары түсті жапырақшалы гүл тостағаншалы, диаметрі 4 см-ге дейін жететін ірі гүлдер болып келеді. Түкті түрлерінде гүлдері 2-4 қатармен орналасқан. Гүл жапырақшалары тәтті шірнелерге айналған. Өсімдіктің өзі ұзын сабақты, басы көкнәр тәрізді. Ортасында жемісі – иісі мен дәмі өткір қара түсті дәндері (тұқымдары) орналасады. Жемісі қабысқан немесе қабарған ортақ қорапша түзетін бес жапырақшадан тұрады. Бұл өсімдіктің жас дәндері пайдалы. Бақтарда сирек өсірілетіндіктен қара зерені табиғаттан табу оңайға соқпайды, сондай-ақ жабайы түрлері де өте сирек кездеседі.

Климаттық орта жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл өсімдік жарықсүйгіш, суыққа да төзімді, жас өскіндері көктемгі суыққа шыдамды, оңай төтеп береді.

Топырақ таңдауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қара зере жеңіл, борпылдақ, орташа ылғалды, арам шөптерден ада, әкті құнарлы топырақтарда өседі. Қышқылды топырақтарда нашар жетіледі. Топырақта ылғалдың мөлшерден тыс көп немесе аз болуы өсуін қиындатады. Сортаң топырақта да өсе алады. Жас өскіндері көктемгі суыққа төзімді.

Тұқым арқылы көбейеді. Тұқымдарының түсі қара, бұжырлы, үш өткір қырлы, жұмыртқа пішіндес болып келеді. Тұқымының құрамында 0,8-1,4% эфир майы және 28-30% қою майлар болады.

Жас өскіндер тұқым себілгеннен кейін екі айдан соң гүлдейді (маусым-шілде айларында). Ал тұқымы қыркүйек, қазан айларында пісіп-жетіледі.

Қара зере Жерорта теңізі аумағында, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Европада, Кіші және Орта Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Пакистанда, Үндістанда, Қытайда, Солтүстік Африкада, Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде және Солтүстік Америкада кең таралған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%B5

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy