Магнезит
Magnesite | |
---|---|
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы | MgCO3 |
Strunz classification | 05.AB.05 |
Ерекшеліктері | |
Түсі | Түссiз, ақ, құба, торғылт, ақшыл қызғылт, ақшыл көк - қызғылты |
Үгітіндісі | [1011] мүлтiксiзi |
Үлес салмағы | 3.0 - 3.2 |
Refractive index | nω=1.508 - 1.510 nε=1.700 |
Дереккөздер | [1][2][3][4] |
Магнезит (лат. magnesіa — магнезия) — минерал, карбонаттар класының кальцит тобына жатады. Химиялық формуласы MgCO3, MgО — 47,82%, СО2 — 52,18%, изоморфты қоспа түрінде Fe, сирек түрінде Mn, Ca болады. Механикалық қосындылар ретінде халцедон, сазды заттар, су, доломит кездеседі. Магнезит ақ, сарғылт, кейде құрамындағы қоспаларға байланысты көгілдір сұр, қара сұр, қоңыр, қара болып келеді, шыныша жылтырайды. Қаттылығы 4,0 — 4,5, тез сынады, тығыздығы 2900 — 3100 кг/м3. Магнезит гипспен бірге тұзды шөгінділерде, талькпен аралас магмалық ультранегізді тау жыныстары арасында кездеседі. 1000 С температураға дейін қыздырғанда 92 — 94% көмір қышқылын жоғалтып, химмялық активті ұнтаққа айналады. Бұл ұнтақ каустикалық магнезит деп аталады. Ол магнезиялық тұтқыр цемент, жасанды каучук, пластмасса, вискоза, т.б. жасауға, түрлі химия өңдеу процестерінде, т.б. қолданылады. Температураны 1500 — 1650 С-қа дейін қыздыру арқылы химия процестер әсеріне берік, отқа төзімді (2800 С-қа дейін) Магнезит ұнтағы алынады. Одан болат балқыту пештерінің табаны мен түрлі металлургия[5] пештерінің бөліктері жасалады. [6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://rruff.geo.arizona.edu/doclib/hom/magnesite.pdf Handbook of Mineralogy
- ↑ http://www.mindat.org/min-2482.html Mindat.org
- ↑ http://webmineral.com/data/Magnesite.shtml Webmineral data
- ↑ Klein, Cornelis and Cornelius S. Hurlbut, Jr., Manual of Mineralogy, Wiley, 20th ed., p. 332 ISBN 0-471-80580-7
- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
- ↑ *Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |