Мазмұнға өту

Адам Смит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Adam Smith
Western philosophy
Classical economics
(Modern economics)
Аты: Адам Смит
Тууы: {{{birth}}}
Ағымы/салты: Классикалық теория
Басты мүдделері: Саяси философия, этика, экономика
Елеулі идеялары: Classical economics,
modern free market,
division of labour,
the "invisible hand"
Ықпалы: Аристотель · Butler · Cantillon  · Chydenius · Hobbes · Hume · Hutcheson · Locke · Mandeville · Petty · Quesnay
Ықпалданғандар: Belgrano · Comte · Darwin · Engels · Friedman · Hayek · Hegel · Jevons · Keynes · Malthus · Chomsky  · Marx  · Menger  · Mill · Rand · Ricardo · Semyon Desnitsky · US Founding Fathers
Белгісі:

Адам Смит, ағылш. Adam Smith (5.6. 1723, Керколди, Шотландия — 17.7.1790, Эдинбург) — британ экономисі, философ; шоқындырылған және 5 маусымда(16 маусым) 1723 туған, Керколди — 17 шілде 1790, Эдинбург) – шотландық экономист, философ- этик, қазiргi экономикалық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Шотландиялық кеден қызметкері отбасында дүниеге келген. Глазго мен Оксфорд университеттерінде білім алған. Глазго ун-тінде адамгершілік философиясының (шындығында қоғамдық ғылым) проф., өмірінің соңғы жылдары Эдинбургте ірі кеден қызметкері болды. “Адамгершілік сезімдер теориясы” (1759) және “Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” (1776) атты күрделі кітаптар жазған. Соңғы кітап 18 ғ-да жарық көрген ең елеулі туындылардың бірінен саналады. Смит өзінен бұрын өмір сүрген ғалымдардың идеяларын қорытындылап, экономика ғылымының категориялары, әдістері мен ұстанымдары жүйесін жасады, ол Ұлыбритания мен басқа да Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына шешуші ықпал етті. Смиттің кейбір қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Ол Маркске дейінгі ғылымда да, маркстік ғылымда да классикалық саяси экономияның негізін қалаушы және аса көрнекті өкілі ретінде саналады.

Смит еңбек құны (құндылық) теориясының қарапайым қағидаларын мойындады, бірақ ол тек қарабайыр күйінде ғана, өндіріс құрал-жабдығы ретінде түсінілетін капиталдың еңбек үдерісінде болмашы рөл атқаратын кезінде ғана тауар айырбасын реттейді деп есептеді. Смит жүйесінде қоғам үш таптан — капиталистерден, жалдамалы жұмысшылардан және егіншілерден тұрады, мұнда ол егіншілердің, сондай-ақ өзі өнімсіз еңбек өкілдері деп есептеген халық топтарының, атап айтқанда, үй қызметшілері мен қоғамдық қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің, мемл. басқару қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне сын көзбен қарады. Ол халық ш-н объективті даму заңдарына бағынатын жүйе деп есептеді, өндіріске қатысушылардың еркін бәсеке арқылы тиімді түрде жүзеге асырылатын меншіктік мүддесі (бас пайдасы) ілгерілеудің ең басты қозғаушысы деп санады. Әдетте, бәсекені шектеу және монополия экон. өрлеуге, халықтың материалдық жағдайын жақсартуға (“халықтың байлығын” арттыруға) бөгет жасайды. Ол мемлекеттің экономика рөлін теріске шығармады, бірақ оны “ойын ережелерін” қадағалау міндеттерімен шектеуді ұсынды. Ол теориялық жүйе және мемлекеттік саясат ретіндегі меркантилизмді қатты сынға алды. Cмиттің ілімі Ұлыбританияда және басқа бірқатар мемлекеттерде капитализмнің даму қажеттеріне сай келетін ішкі және сыртқы экономикалық саясат ұстанымдарының қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Ресейде ол басыбайлылық құқықты жою үшін дәйекті дәлел көздері ретінде пайдаланылды. Смит салық салудың, банк жүйесінің, сыртқы сауда саясатының ұтымды қағидаларын әзірлеуге де елеулі еңбек сіңірді.

Inquiry into the nature and causes of the wealth of nations, 1922

Адам Смит 1723 жылдың маусымында дүниеге келдi (дәл туылу күні белгiсiз) және Керколди қалашығының Файф шотландық округінде 5 маусым күні, кеден шенеулiгiнiң жанұясында шоқындырылған. Оның әкесi Адамның туылуына 6 ай қалғанда қайтыс болды. Оны 4 жас шамасында сығандар ұрлаған,бiрақ ол ағасымен жылдам құтқарылған және анасына қайтарылған. Адам Смит отбасының жалғыз баласы болып саналады, өйткені оның ағайындары туралы жазулар ешқайда табылмаған. 14 жас шамасында екi жыл Фрэнсис Хатчесонның басқарылуымен философияның әдеп негiздерiн үйрететiн Глазго университетіне түседі. Ол 1740 жылда Оксфордтағы Бейллиолға түседі және ондағы оқуды 1746 жылы аяқтайды. 1748 жылы Адам Смит Эдинбургте лорд Кэймсаның бастауымен дәрістер оқи бастайды. Бұл университеттiң студенттеріне арналған дәрiстерді әзiрлеу барысында,экономика мәселелерi туралы өзінің ұсыныстарын тұжырымдауына түрткi болады. Адам Смиттің ғылыми теорияларының негiзі болып, адамға үш жақтан қарау болды:

  • мораль мен адамгершiлiк позицияларынан;
  • азаматтық және мемлекеттiк позицияларынан;
  • экономикалық позициядан.

Адам Смит риторикадан, хаттарды жазу өнері бойынша дәрiс оқыған және де кейінірек,экономикалық философияны анық тұңғыш рет жете айтқан және «Табиғат және халықтардың байлығының себептерi туралы» деген белгiлi жұмысында «табиғи бостандықтың онай жүйесi» жайлы алғаш рет айтқан. 1750 жылы Адам Смит аралары он жыл болған Дэвид Юммен танысты. Смиттi 1751 жылы Глазго университетінің логиканың профессоры етіп тағайындайды. Ол әдеп, риторика, юриспруденция және саяси үнемдеу бойынша дәрiс оқыды. Смит 1759 жылы дәрiстерден тұратын мақаланы жариялады. Бұл мақаласында ол тұрақтылықтың күйiндегi қоғамдағы әдеп, мiнез-құлықтың стандарттарын талқылайды. Смитке атақ 1776 жылы «Табиғатты және халықтардың байлығының себептерi туралы зерттеу» деген кiтабының жариялауынан кейiн келеді. Ғалым 1776 жылы Лондонға көшеді, со жерде «Табиғатты және халықтардың байлығының себептерi туралы зерттеу» кітабын жариялайды. Бұл кiтап - экономикалық бостандықты суреттейдi. Кiтапқа сонымен қатар, еңбек бөлінісі, (араласпаушылық қағидасы) лаиссез, экономиканың халықаралық мәні мен тұжырымдамалардың талқылауы қосылған. Халықтардың байлығы экономиканы еркiн кәсiпкерлiктiң доктринасын iске қосып ашты. Смиттi 1778 жылда Эдинбургтiң, Шотландия кеден басқаруының басшысы етіп тағайындайды, 1790 жылдың 17 шiлдесiнде созылмалы науқасынан кейiн қайтыс болады [1].

Адам Смиттің ілімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Адам Смит 1790ж.

Адам Смит – бұл өзінің «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист(1776). Политэкономияның ағылшындық классикалық мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Осы бағыттың негізгі идеясы болып, байлық физиократтар ойлағандай тек қана ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде ғана емес, экономиканың кез келген саласында өндіріс жүргізу арқылы пайда болады. Адам Смит қоғамдағы ең басты нәрсе – бұл еңбекті салалар бойынша бөлу, ал әр саланы операцияларға бөлу деп санаған. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген. Адам Смиттің ойынша, үкімет кәсіпкерлік адамдарға көбірек дербестік беруі керек, тек сол кезде ғана мануфактурлық өндіріс көбейеді. Ол адамдардың өзіндік экономикалық ойларының бар болғандығын солардың ақшаны үнемдеп, белгілі бір өндірісті ұйымдастырып, сонымен қатар елдің экономикасын дамытып отырғанынан аңғаруға болады,- деп айтқан Смит. Адам Смит егер де, мемлекет кәсіпкерлерге бостандық беріп, олардың ісіне араласпаса, бұл ең жақсы шешім болар еді,- деп айтқан. кез келген заманға сай адам кәсіпкердің түпкі мақсаты – максималдық пайданы ең қысқа уақыттарда алу екенін біледі. Әрине, нарық заңы кәсіпкерлерге өзінің ойын: қашан және қандай өнімдерді шығаруға( қыстық шиналардың жазда қажеті жоқ), оларды қандай бағамен сатуға, сияқты жағдайларда білдіртеді. Кәсіпкерлер бағаны төмендетуге мәжбүр болады, өзге кәсіпорындармен бақталастықта болу үшін. Кәсіпкерлердің ешқайсысы пайданы тек өздеріне ғана емес, сонымен қатар қоғамға да әкелуі жайлы ойлаған емес, дегенмен олардың арасындағы бақталастық тұтынушыларға өте төмен баға мен сан қилы тауарлармен қамтамасыз етіп отыр. Осымен, бақталастық кәсіпкерлерді өндірісті мүмкіндігінше аз шығынмен, пайдасының мөлшерін азайтпай жүргізіп, осының арқасында бағаны төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай ізденіс техниканы онан сайын жоғары дәрежеге жеткізуге және мүмкіндігінше арзан шикізат ауыстырғышын іздеуге әкеледі. Буржуазияның бар көңілі тек жұмысшыларды оңай жалдау, жерді сату мен сатып алу, сыртқы нарыққа шығып, өз ақшаларыңды мемелекеттің қалауы бойынша емес, өзіңнің қалауың бойынша жұмсау болып табылған. Бұның барлығы Адам Смиттің идеяларын бұл класстың адамдарына көрікті етіп көрсеткен. Адам Смиттің еңбектері әр түрлі болған, сондықтан болар, экономикадағы қарама-қарсы бағыттардың арғы атасы атанған:

1) Еңбектің политэкономиясы ( қоғамды мүлдем қарам-қарсы қызығушылықтарға байланысты бөлу, пайданың капитализм кезіндегі эксплуататорлық пайда болуы) ( Карл Маркс);

2) Экономикс ( « көрінбейтін қолдың» принципі, экономикалық либерализм, бақталастық)[2].

Негізгі еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Теория нравственных чувств, СПб., 1895; Исследование о природе и причинах богатства народов, т. 1, М., 1994.[3]
  • Лекции по риторике и написанию писем (1748)
  • Теория нравственных чувств (1759)
  • Лекции по риторике и написанию писем (1762—1763, опубликованы в 1958)
  • Лекции по юриспруденции (1766)
  • Исследование о природе и причинах богатства народов (1776)
  • Сообщение о жизни и работах Дэвида Юма (1777)
  • Мысли о состоянии соревнования с Америкой (1778)[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b http://ru.wikipedia.org
  2. http://fictionbook.ru
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy