Мазмұнға өту

Азурит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Azurite
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы Cu3(CO3)2(OH)2
Strunz classification 05.BA.05
Crystal symmetry Monoclinic 2/m
Unit cell a = 5.01 Å, b = 5.85 Å, c = 10.35 Å; β = 92.43°; Z=2
Ерекшеліктері
Молярлық массасы 344.67 g/mol
Түсі Azure-blue, Berlin blue, very dark to pale blue; pale blue in transmitted light
Кристал пішіні Massive, prismatic, stalactitic, tabular
Сингониясы Monoclinic Prismatic
Twinning Rare, twin planes {101}, {102} or {001}
Үгітіндісі Perfect on {011}, fair on {100}, poor on {110}
Агреттары Conchoidal
Беріктігі brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 3.5 to 4
Streak Light Blue
Diaphaneity Transparent to translucent
Үлес салмағы 3.773 (measured), 3.78 (calculated)
Оптикалық сипаты Biaxial (+)
Refractive index nα = 1.730 nβ = 1.758 nγ = 1.838
Birefringence δ = 0.108
Pleochroism Visible shades of blue
2V angle Measured: 68°, calculated: 64°
Dispersion relatively weak
Дереккөздер [1][2][3]
Бурра кен орнынан шыққан азурит, Аустралия оңтүстігі

Азурит (фр. l’azur — лазурь, көк тас) — карбонаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы Cu(CO3) 2[OH]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдық құрылымы — координаттық. Кристалдары жапырақша, қысқа призма пішіндес. Агрегаттары түйіршікті, қабыршақты. Түсі көк, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5-4, меншікті салмағы 3,7-3,9 г/см3. Мыс кен орындарының тотыққан белдемінде түзіледі. Азуриттің серіктестері — таза мыс, малахит, куприт. Ерте замандардан Жезқазған өңірінде әшекей тас ретінде өндірілген. Азурит мыс кентасы ретінде, сондай-ақ көк бояу, көк дәрі (тотияйын) жасауға қолданылады. Азуритмыс минералдарының бір түрі. Әдемі көкшіл түсіне орай, азурит әшекей бұйымдар жасауға қолданылады.[4]

Сингониясы моноклиндік, призма формасында. Кристалдық бейнесі, тағы басқа түрлері де, жаратылысы да малахитқа ұқсас. Оптикалық оңқай; 2u = 68°, Ng=1 , 8 3 8 , Nm = 1,758, Np = 1,730.

Азурит мыстың оттекті қосылыстарымен бірге металлургияда қорытылады. Ол көк бояу алу үшін химия өнеркәсібінде қолданылады. Кендері малахитпен бірге кездеседі.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Handbook of Mineralogy
  2. Mindat.org
  3. Webmineral.com Webmineral Data
  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  5. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy