Алабұға тәрізділер
Алабұға тәрізділер | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Perca flavescens
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Алабұға тәрізділер (лат. Percіformes) — сүйекті балықтардың бір отряды. Алабұға тәрізділердің қазба қалдықтары жоғары бор кезеңінен сақталған, көптеген түрі эоцен дәуірінде тіршілік еткен. Алабұға тәрізділер бүкіл дүние жүзі суларында таралған. Олар өзендерде, теңіздерде тіршілік етеді, сондай-ақ өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші түрлері кездеседі. Алабұға тәрізділердің ғылымда 149 тұқымдасы, шамамен 1200-дей туысы және 6500-дей түрі белгілі. Денелерінің ұзындығы бірнеше см-ден 4-5 м-ге дейін жетеді де, ал салмағы 10-12 кг-нан асады. Арқа қанаты үшкір тікен тәрізді және жұмсақ екі бөліктен тұрады. Бұл мүшелері кейбір түрлерінде қосылып кетеді, ал кейбіреулерінде жеке болады. Торсылдағы ішегімен жалғаспайды. Қазақстанда кәсіптік маңызы бар көксерке, берш, кәдімгі алабұға, балқаш алабұғасы сияқты түрлері тараған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |