Мазмұнға өту

Ампер заңы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Электрлік ток магнит өрісін тудырады.

Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағыш кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820-шы жылы француз физигі А.М. Ампер (17751836) ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады. Ампер заңы бойынша тогы бар өткізгіштің шағын кесіндісіне (Δl) магнит өрісі тарапынан әсер етуші механикалық күштің (F) шамасы мына өрнек арқылы табылады:
F=kIΔlBsinα,
мұндағы αΔl мен B (магнит индукциясының векторы) бағытының арасындағы бұрыш, k – пропорционалдық коэффициент (Гаусс жүйесінде k=1/c, Бірліктердің халықаралық жүйесінде k=1), I - өткізгіштегі ток күші.

Түрлендірілген Ампер заңы түрі . Алынған нәтижені көлденең қима арқылы өтетін бөлшектердің жалпы саны арқылы жеңіл өрнектеуге болады , сонда . Ампер күші дегеніміз - магнит өрісінде қозғалып жүрген зарядталған бөлшектерге әрекет ететін жалпы күш. Сонда зарядталған бір бөлшекке әсер ететін күш.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Физика Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев (Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық) Алматы "Мектеп" 2006ж.


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy