Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Басқа мағыналар үшін Арал (айрық) деген бетті қараңыз.
Арал — су қоршаған жер, атау. Су тасқыны кезінде де судан жоғары болып тұрады.
Арал — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн. км²-ге тең немесе Еуропа құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн. км²). Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған еді, қазіргі таңда ол судың таралуы себебінде жер бетімен біріккен.[1]
↑Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6