Астана (футбол клубы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Астана (айрық) деген бетті қараңыз.
Қазақстан Астана
Толық атауы

Астана футбол клубы

Лақап аттары

«Сары-көктер», «Астаналықтар», «Қалалықтар»

Құрылған жылы

2009

Стадионы

Астана Арена

Сыйымдылығы

30 200

Президенті

Қазақстан Михаил Гурман

Бас директоры

Қазақстан Давид Лория

Бас жаттықтырушы

Сербия Срджан Благоевич

Капитаны

Қазақстан Абзал Бейсебеков

Рейтингі

160 орын УЕФА рейтингінде [1]

Бюджеті

10 млн еуро

Демеушісі

Самұрық-Қазына

Сайты

fcastana.kz

Жарыс

Қазақстан Премьер Лигасы

2023

2 орын

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Астана футбол клубы — қазақстандық кәсіби футбол клубы. 2009 жылы Астана қаласында құрылды. 2013 жылдан бастап ЕУРО кубоктарға қатысады. Қазақстанның 7 дүркін чемпионы.

Астана клубы 2015-16 жылғы Еуро-кубоктар маусымында кипрлық АПОЕЛ-ды 2-1 жалпы есебімен жеңіп, Еуропа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб атанды.

Астана Арена стадионы клубтың негізгі ойын стадионы. 2023-24 жылғы маусым қорытындысы бойынша УЕФА клубтары тізімінде 136 орында.[2]

2009 жылы "Алматы" мен "Мегаспорт" клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Алғашқы маусымда клуб сапында Егор Титов, Андрей Тихонов (кейін клубқа бапкер де болды) секілді ресейлік ардагер футболшылармен бірге қазақстандық Андрей Карпович, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, өзбекстандық Максим Шацких секілді футболшылар ойнады.

Локомотив Астана логотипі (2009–2011)

2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. Одан кейін клубтың базасы Астанада жаңадан салынған "Астана Арена" стадионына ауысты. Маусым қорытындысында клуб екінші орын алды. Бірақ жалақыны уақытында ала алмағандықтан Сергей Юранмен бірге бірнеше легионерлер клубтан кетті. Күміс жүлде иеленгеніне қарамастан клуб 2010/11 жылғы Еуропа лигасына УЕФА-ның "үш жыл ережесі" бойынша қатыса алмады (еурокубоктерге ұлттық біріншілікте кемінде үш маусым ойнаған клуб қана қатыса алады).

2014 жылғы маусым айында клуб бапкері боп болгариялық Станимир Стоилов тағайындалды. Осы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.

2014–2019 жылдардағы логотип

2015 жылы 26 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Кипрде жергілікті АПОЭЛ клубымен тең түсті (өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан-ды). Екі ойын қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Қазақстан атынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы клуб атанды.[3]

Топтық кезеңде "Галатасарай", "Атлетико Мадрид", "Бенфика" клубтарымен бір топқа түсті. Бұл жылы топтық турнирде жеңіс тойын тойлай алмады, алты кездесудің төртеуінде тең ойнап, төртінші орында қалды. Тек сырт алаңда "Бенфика" мен "Атлетикодан" ұтылды.

2016/17 жылғы маусымда тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Бұл жолы да төртінші орында қалды.

2017/18 жылғы Еуропа Лигасында тұңғыш рет көктемгі плей-офф кезеңдеріне дейін жетіп, 1/16 финалда "Спортинг Лиссабоннан" ұтылды (үйде 1:3, сыртта 3:3). Осы матчтан соң бас бапкер Станимир Стойлов командадан кетіп, орнына Григорий Бабаян келді.

2019 жылдың басында команда тізгінін украиналық бапкер Роман Григорчук ұстады. Григорчуктың басқаруымен клуб тағы да Қазақстан чемпионы атанды және Еуропа лигасының топтық турниріне шықты. Бірақ Еуропа лигасының топтық турнирінде клуб бір рет қана жеңіске жетті ("Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты), осы себеппен 2020 жылдың басында Григорчук қызметтен босады.

Астана ФК жаңа логотипі (2020–2023)

2020 жылдың басында клуб тізгінін сол кездегі Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Михал Билек ұстады. 2020/21 жылғы чемпиондар лигасында клуб бірінші раундта-ақ "Динамо Брест" клубынан 3-6 есебімен ұтылып, Еуропа лигасына түсіп қалды. Осы жеңілістен соң ұзамай Билек орнын босатты, оның орнына келген Пол Эшуорт та клубтың құлдырауын тоқтата алмады, чемпионатта "Қайратты" турнир кестесінде өздерінен ұзатып алды, Еуропа лигасында "Будучностан" ұтылып қалды да, соңғы алты жылда бірінші рет клуб еуротурнирлерде топтық кезеңге шыға алмады. Қыркүйек айының соңында енді тізгінді ресейлік маман Андрей Тихонов ұстады. Бірақ клуб 2020 жылғы чемпионатты үшінші орынмен қорытындылады.

Еуропадағы өнері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астана клубы УЕФА чемпиондар лигасындағы Ыстамбұлдың "Галатасарайымен" Астанада 2-2 тең түсіп алғашқы ұпайын алады. 2015-2016 жылғы маусымда өз алаңында ұтылып көрмеді:

Премьер-лигадағы көрсеткіштер кестесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Орын О Ж Т Ұ Доптар Бомбардирлар
2009 1 26 20 0 6 54-24 Ресей Андрей Тихонов — 12
2010 4 32 14 8 10 41-28 Молдова Игорь Бугаев — 11
2011 4 32 16 7 9 50-37 Черногория Драган Богавац — 12
2012 5 26 13 7 6 34-24 Қазақстан Таңат Нөсербаев — 10
2013 1 32 19 5 8 54-35 Қазақстан Таңат Нөсербаев, Черногория Дамир Кояшевич, Гана Патрик Твумаси — 6
2014 1 32 18 10 4 63-26 Орталық Африка Республикасы Фокси Кетевоама — 16
2015 1 32 20 7 5 55-26 Қазақстан Таңат Нөсербаев — 11
2016 1 32 23 4 5 47-21 Сербия Джордже Деспотович — 8
2017 1 33 25 4 4 74-21 Конго Демократиялық Республикасы Жуниор Кабананга — 19
2018 1 33 24 5 4 66-22 Хорватия Марин Томасов — 14
2019 1 33 22 3 8 67-28 Хорватия Марин Томасов — 19
2020 1 20 11 3 6 32-21 Кипр Пиерос Сотириу, Исландия Рунар Мар Сигурьонссон — 6
2021 1 26 17 6 3 53-25 Хорватия Марин Томасов — 17
2022 1 26 16 5 5 65-24 Португалия Педру Эужениу — 18
2023 1 26 16 5 5 36-24 Қазақстан Абат Айымбетов — 8

Еурокубоктар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жарыс Ойындар Ж Т Ұ СД ЖД Қ
УЕФА Чемпиондар Лигасы 35 12 11 12 40 53 -13 34 %
УЕФА Еуропа Лигасы 49 18 9 22 67 78 -11 36,36 %
УЕФА Конференция Лигасы 20 7 4 9 26 32 -6 35 %
Барлығы 106 36 24 42 130 163 -30 22 %
Маусым Жарыс Раунд Қарсылас Үйде Сыртта Жалпы
2013/14 УЕФА Еуропа Лигасы I КР Болгария Ботев 0:1 0:5 0:6
2014/15 УЕФА Еуропа Лигасы I КР АрменияПюник 2:0 4:1 6:1
II КР ИзраильХапоэль Тель-Авив 3:0 0:1 3:1
III КР ШвецияАИК 1:1 3:0 4:1
Плей-офф ИспанияВильярреал 0:3 0:4 0:7
2015/16 УЕФА Чемпиондар Лигасы II КР СловенияМарибор 3:1 0:1 3:2
III КР ФинляндияХИК 4:3 0:0 4:3
Плей-офф КипрАПОЭЛ 1:0 1:1 2:1
С тобы ПортугалияБенфика 2:2 0:2 4 орын
ИспанияАтлетико Мадрид 0:0 0:4
ТүркияГалатасарай 2:2 1:1
2016/17 УЕФА Чемпиондар Лигасы II КР ЛитваЖальгирис 2:1 0:0 2:1
III КР ШотландияСелтик 1:1 1:2 2:3
УЕФА Еуропа Лигасы Плей-офф БеларусьБАТЭ 2:0 2:2 4:2
В тобы ГрекияОлимпиакос 1:1 1:4 4 орын
ШвейцарияЯнг Бойз 0:0 0:3
КипрАПОЭЛ 2:1 1:2
2017/18 УЕФА Чемпиондар Лигасы II КР ЛатвияСпартак Юрмала 1:1 1:0 2:1
III КР БолгарияЛегия 3:1 0:1 3:2
Плей-офф ШотландияСелтик 4:3 0:5 4:8
УЕФА Еуропа Лигасы А тобы ИзраильМаккаби Тель-Авив 4:0 1:0 2 орын
ЧехияСлавия Прага 1:1 1:0
ИспанияВильярреал 2:3 1:3
1/16 ПортугалияСпортинг 1:3 3:3 4:6
2018/19 УЕФА Чемпиондар Лигасы I КР ЧерногорияСутьеска 1:0 2:0 3:0
II КР ДанияМидтьюлланн 2:1 0:0 2:1
III КР ХорватияДинамо Загреб 0:2 0:1 0:3
УЕФА Еуропа Лигасы Плей-офф КипрАПОЭЛ 1:0 0:1 1:1 (2:1)
К тобы УкраинаДинамо Киев 0:1 2:2 3 орын
ФранцияРенн 2:0 0:2
ЧехияЯблонец 2:1 1:1
2019/20 УЕФА Чемпиондар Лигасы I КР РумынияЧФР Клуж 1:0 1:3 2:3
УЕФА Еуропа Лигасы II КР АндорраСанта-Колома 4:1 0:0 4:1
III КР МальтаВаллетта 5:1 4:0 9:1
Плей-офф БеларусьБАТЭ 3:0 0:2 3:2
L тобы АнглияМанчестер Юнайтед 0:1 2:1 4 орын
СербияПартизан 0:6 0:5
НидерландАЗ 1:2 1:4
2020/21 УЕФА Чемпиондар Лигасы I КР Беларусь Динамо Брест 3:6 3:6
УЕФА Еуропа Лигасы II КР Черногория Будучность 0:1 0:1
2021/22 УЕФА Конференция Лигасы II КР Грекия Арис 2:0 1:2 3:2
III КР Финляндия КуПС 3:4 1:1 4:5
2022/23 УЕФА Конференция Лигасы II КР Польша Ракув 0:1 0:5 0:6
2023/24 УЕФА Чемпиондар Лигасы I КР Грузия Динамо Тбилиси 1:1 2:1 3:2
II КР Хорватия Динамо Загреб 0:2 0:4 0:6
УЕФА Еуропа Лигасы III КР Болгария Лудогорец 2:1 1:5 3:6
УЕФА Конференция Лигасы Плей-офф Албания Партизани 1:0 1:1 2:1
C тобы Хорватия Динамо Загреб 0:2 1:5 3 орын
Чехия Виктория Пльзень 1:2 0:3
Косово Балкани 0:0 2:1
2024/25 УЕФА Конференция Лигасы
II КР Молдова Милсами 1:0 1:1 2:1
III КР Румыния Корвинул 6:0 2:1 8:2
Плей-офф Норвегия Бранн 3:0 0:2 3:2
ГЭ Англия Челси
Португалия Витория Гимарайнш
Кипр АПОЭЛ
Сербия ТСЦ Бачка Топола
Кипр Пафос
Уэльс Нью-Сейнтс
Notes
  • І КР: Бірінші квалификациялық раунды
  • ІІ КР: Екінші квалификациялық раунды
  • ІІІ КР: Үшінші квалификациялық раунды

Астана футбол клубының барлық жылдардағы рейтингі. Ақпарат УЕФА ресми сайтынан алынған[4]:

Маусым Орын Маусымдағы ұпай Барлық ұпайлар
2013/14 403 0,250 0,250
2014/15 310 1,500 1,750
2015/16 137 8,000 9,750
2016/17 118 4,000 13,750
2017/18 67 8,000 21,750
2018/19 57 6,000 27,500
2019/20 56 3,000 29,000
2020/21 64 1,500 22,500
2021/22 80 2,000 20,500
2022/23 107 1,500 14,500
2023/24 136 3,000 11,000

Клубтың түстері және формасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Форма
Үй формасы
2009–2011
Форма
Қонақтағы форма
2009–2011
Форма
Үй формасы
2012
Форма
Қонақтағы форма
2012
Форма
Үй формасы
2013
Форма
Қонақтағы форма
2013
Форма
Үй формасы
2014
Форма
Қонақтағы форма
2014
Форма
Қосалқы форма
2014
Форма
Үй формасы
2015
Форма
Қонақтағы форма
2015
Форма
Қосалқы форма
2015
Форма
Үй формасы
2016
Форма
Қонақтағы форма
2016
Форма
Үй формасы
2017
Форма
Қонақтағы форма
2017
Форма
Қосалқы форма
2017
Форма
Үй формасы
2018
Форма
Қонақтағы форма
2018
Форма
Қосалқы форма
2018
Форма
Үй формасы
2019
Форма
Қонақтағы форма
2019
Форма
Үй формасы
2020–2023
Форма
Қонақтағы форма
2020–2023

Астана футбол клубының 2020 жылдан бастап қабылданған логотипінде екі жұлдыз – Астананың 6 чемпиондығының символы (елдегі әрбір үшінші чемпионатқа бір жұлдыз)[5].

Толық мақаласы: Астана Арена
Астана Арена
Астана Арена

Астана футбол клубы «Астана Арена» стадионында ойнайды. Сыйымдылығы 30 200 көрермен. Стадионның жылжымалы шатыры бар, ол 20 минутта ашылып-жабылады. Алаң жасанды, футболдан басқа концерттерді өткізуге бейімделген.

2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Астана маусымды 1500 орындық «Жас Қыран» стадионында бастауға мәжбүр болды[6]. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты 2024 жылғы маусымда Астана қайтадан «Хан Тәңірі» стадионында өткізуге мәжбүр[7].

Брендтер және демеушілік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кезең Форма жасаушы Бас демеуші
2009—2013 Германия Adidas Қазақстан Қазақстан темір жолы
2013—2020 Германия Zott
2020—2023 Қазақстан Самұрық-Қазына
2023—2024 Америка Құрама Штаттары Nike
2024—қазіргі уақытқа дейін Германия Adidas

2024 жыл, қыркүйек [8]

Қызметі Есімі
Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов
Бас директор Қазақстан Ғазинұр Дамирұлы Алимов
Техникалық директор Қазақстан Самат Қабирұлы Смақов
Спорт директоры Қазақстан Игорь Владимирович Павлюк
Қаржы директоры Қазақстан Любовь Валерьевна Крайнова

Бапкерлік құрам

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жыл, қыркүйек [9]

Қызметі Есімі
Бас бапкер Қазақстан Григорий Константинович Бабаян
Бас бапкер көмекшісі Қазақстан Александр Васильевич Москаленко
Бас бапкер көмекшісі Болгария Саид Ибраимов
Қақпашылар бапкері Сербия Милан Стойкович
Дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы Қазақстан Аркадий Иванович Бакулин
Аналитика жөніндегі маман Қазақстан Амаль Аязов
Бейнеоператор Қазақстан Павел Викторович Лаптев
Бейнесараптама бойынша маман Қазақстан Ренат Тагиров
Дәрігер Ресей Гутцалов Николай Петрович
Физиотерапевт Бразилия Тьяго Де Оливейра
Сылаушы Қазақстан Сергей Ларин
Сылаушы Қазақстан Саят Берентаев
Аға әкімші Ресей Вячеслав Бегунов
Әкімші Қазақстан Андрейко Сергей

Негізгі Құрам

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қақпашылар Туған күні Азаматтығы
55 Александр Заруцкий 26.08.1993 Қазақстан Қазақстан
74 Мухаммеджан Сейсен 14.02.1999 Қазақстан Қазақстан
93 Йосип Чондрич 27.08.1993 Хорватия Хорватия
Қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
2 Карло Бартолец 20.04.1995 Хорватия Хорватия
3 Бранимир Калаица 01.06.1998 Хорватия Хорватия
4 Марат Быстров 19.06.1992 Қазақстан Қазақстан
5 Кипрас Кажуколовас 20.11.2000 Литва Литва
16 Ян Вороговский 07.08.1996 Қазақстан Қазақстан
15 Абзал Бейсебеков 30.11.1992 Қазақстан Қазақстан
22 Александр Марочкин 11.07.1990 Қазақстан Қазақстан
27 Тимур Досмағамбетов 01.05.1989 Қазақстан Қазақстан
45 Алекса Аманович 24.10.1996 Солтүстік Македония Солтүстік Македония
Жартылай қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
7 Макс Эбонг 26.08.1999 Беларусь Беларусь
8 Исламбек Қуат 12.01.1993 Қазақстан Қазақстан
10 Марин Томасов 31.08.1987 Хорватия Хорватия
19 Барнс Осей 08.01.1995 Гана Гана
21 Елхан Астанов 21.05.2000 Қазақстан Қазақстан
77 Назми Грипши 08.07.1997 Албания Албания
97 Нұрәлі Жақсылық 04.11.2004 Қазақстан Қазақстан
Шабуылшылар Туған күні Азаматтығы
9 Джеффри Чинеду 01.10.1997 Нигерия Нигерия
11 Ннамди Аханону 22.02.2002 Нигерия Нигерия
28 Усман Камара 28.12.1998 Гвинея Гвинея
72 Станислав Басманов 24.06.2001 Қазақстан Қазақстан
81 Рамазан Кәрімов 05.07.1997 Қазақстан Қазақстан
  • №12 жанкүйерлерге берілген.

Бас бапкерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астана футбол клубының барлық бапкерлері

Есімі Жұмыс істеген уақыты
Қазақстан Ерқанат Туғамбаев 2009
Қазақстан Асылай Әдікерімов 2009
Қазақстан Нұржан Нұрмаханов Нуржан 2009—2010
Германия Хольгер Фах 2010—2011
Украина Олег Валерьевич Протасов 2011
Чехия Мирослав Беранек 2012—2013
Румыния Йоан Андоне 2013 ж. шілде–қараша
Өзбекстан Вадим Карленович Абрамов 2013 ж. қараша–желтоқсан
Болгария Станимир Стойлов 2014—2018, ақпан
Қазақстан Григорий Константинович Бабаян 2018, наурыз-маусым, қыркүйек — қараша
Украина Роман Иосифович Григорчук 2018, маусым-қыркүйек — қаңтар 2020
Чехия Михал Билек январь 2020 — август 2020
Англия Пол Эшуорт тамыз 2020 — қазан 2020
Ресей Андрей Валерьевич Тихонов қазан 2020 — қараша 2021
Ресей Тәжікстан Владимир Раимович Ежуров қараша 2021
Сербия Срджан Благоевич қараша 2021 — қыркүйек 2022
Қазақстан Григорий Константинович Бабаян қыркүйек 2022 — қазіргі уақытқа дейін

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Премьер Лигасы

Футболдан Қазақстан Кубогы

Футболдан Қазақстан Суперкубогы

Командалық рекордтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ең ірі жеңістер: Астана - Корвинул 6:1, Астана - Атырау 7:0
  • Өз алаңында ең ірі жеңіс: Астана - Атырау 7:0
  • Сырт алаңда ең ірі жеңіс: Ертіс - Астана 1:6
  • Ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0 [10]
  • Өз алаңында ең ірі жеңіліс: Астана - АЗ Алкмаар 0:5 
  • Сырт алаңда ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0


Футболшылар орнатқан рекордтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жыл, қыркүйек [11]

Ең көп матч ойнаған ойыншылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жыл, қыркүйек [12]

Есімі Ойындар Кезең
1 Қазақстан Абзал Бейсебеков 409 2009, 2012—қазірге шейін
2 Қазақстан Ненад Эрич 305 2014-2020
3 Хорватия Марин Томасов 257 2017—қазірге шейін
4 Қазақстан Дмитрий Шомко 276 2011, 2014—2020
5 Босния және Герцеговина Марин Аничич 212 2014—2019

Ең көп гол соққан футболшылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жыл, қыркүйек [12]

Есімі Голдар Кезең
1 Хорватия Марин Томасов 105 2017—қазірге шейін
2 Гана Патрик Твумаси 69 2013—2018
3 Қазақстан Таңат Нөсербаев 52 2011—2015
4 Конго Демократиялық Республикасы Жуниор Кабананга 42 2015—2019
5 Орталық Африка Республикасы Фокси Кетевоама 31 2012—2014
6 Қазақстан Роман Муртазаев 30 2010—2011
7 Қазақстан Абат Айымбетов 29 2021—2023
8 Португалия Педру Эужениу 24 2021—2022
9 Сербия Джордже Деспотович 20 2016—2018
Молдова Игорь Бугаев 20 2010—2011
10 Қазақстан Серікжан Мұжықов 19 2014—2019
Қазақстан Сергей Остапенко 19 2012—2015

Ең көп нәтижелі пас берген футболшылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жыл, қыркүйек [12]

Есімі Ассисттар Кезең
1 Хорватия Марин Томасов 93 2017—қазірге шейін
2 Орталық Африка Республикасы Фокси Кетевоама 51 2012—2014
3 Қазақстан Дмитрий Шомко 46 2011, 2014—2020
4 Қазақстан Серікжан Мұжықов 31 2014—2019
5 Гана Патрик Твумаси 27 2013—2018

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.uefa.com/nationalassociations/uefarankings/club/?year=2025
  2. Рейтинг УЕФА. Клубный рейтинг по итогам сезона 2023-24.
  3. "Астана" тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты  (қаз.). Tengrinews.kz (27 тамыз 2015). Тексерілді, 11 маусым 2024.
  4. UEFA.com Клубный рейтинг | Рейтинг УЕФА  (орыс.).
  5. Новый новый логотип 2020
  6. «Астана» официально определилась с новым местом проведения домашних матчей.
  7. https://kpl.kz/kazfootball/astana-na-sezon-2024-pereezzhaet-v-almaty/
  8. https://fcastana.kz/leaderships
  9. https://fcastana.kz/players
  10. "Астана" потерпела самое крупное поражение в своей истории.
  11. https://fcastana.kz/progresses
  12. a b c https://fcastana.kz/page/rekordsmeny-astany

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]