Мазмұнға өту

Гандалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гандалар
баганда
Ең көп таралған аймақтар
 Уганда

3,7 млн.

 Кения

31 000

 Танзания

9 700

Тілдері

ганда тілі

Діні

христиандық, суннизм, дәстүрлі нанымдар

Гандалар (баганда) — банту тобының халқы, Угандадағы саны жағынан ең көп халық. Олар негізінен Виктория көлінің солтүстігінде тұрады. Саны 3,7 млн. адам (2006, бағалау). Сондай-ақ Кенияда (31 мың адам) және Танзанияда (9,7 мың адам) тұрады.[1]

Тілі - ганда тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[2]

Сенушілер негізінен христиандар, сүнниттік мұсылмандары бар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды сақтайды.[3]

Гандалар XIII-XIV ғасырларда құрамына банту (баиру, басого, басесе, будду, т.б.) және нилот (алур, ашали, эльгуми) тайпалары енетін Баганда мемлекеті болды. Оған Виктория көлі мен Рудольф көлі аралығы, батысында Кинни, шығысында Унсораға дейінгі жерлер қарады. Виктория көлінде үлкен флот ұстады. 1945 жылы Кампала қаласында ағылшын отаршыларына қарсы ереуіл болды. 1949 жылғы бас көтеру кезінде отаршылар халықты қанға бөктірді. Тек 1960 жылдан кейін ғана Африканың өзге халықтары қатарында тәуелсіздікке қолы жетті; қаласының Уганда.[4]

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, жүгері, бұршақ дақылдары). Әрбір үй шаруашылығында банандар өсіріледі. Тауарлы дақылдар мақта, темекі, кофе және т.б. Қой мен ешкі өсіру қосалқы сипатқа ие. Мал шаруашылығының дамуына цеце шыбынының таралуы кедергі келтіреді. Қолөнерден - керамикалық және ағаштан ыдыс жасау, тоқымашылық, ұсталық және былғары бұйымдарын жасау, мата жасау, тоқу кездеседі.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туыстық қатынас әке жағынан саналады. Ганда қоғамы рулық жүйе бойынша бөлінеді, рулар топтарға бөлінеді. Бір ру ішінде некеге тұруға тыйым салынады. Ру басшылары жеке ру басшыларынан тұратын кеңесті шақыра алады.

Фольклор, оның ішінде музыка дамыған.

Тұрғын үйлері - тіректер мен шыбықтардан жасалған, төбесі қатты ағаштан жасалған цилиндр тәрізді қаңқалы үйлер.

Дәстүрлі киімі - мбугу, былғары немесе өсімдік талшықтарынан жасалған белдемшелер, ақсүйектер - мбугу шапан киеді.

Негізгі тағамдары - жарма немесе көкөніс соустары қосылған ұн ботқасы, кейде ет.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2343841
  2. Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/12530
  3. Значение слова ГАНДА в Современном толковом словаре, БСЭ https://slovar.cc/rus/bse/483205.html
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
  5. a b народы мира / Ганда http://www.etnolog.ru/people.php?id=GAND
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy