Мазмұнға өту

Зеренді (көл)

Координаттар: 52°55′25″N 69°6′37″E / 52.92361°N 69.11028°E / 52.92361; 69.11028
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Зеренді
Морфометрия
Өлшемі6,1 × 3,8 км
Ауданы11,9 км²
Тереңдігі4,8 м
Орналасуы
52°55′25″N 69°6′37″E / 52.92361°N 69.11028°E / 52.92361; 69.11028 (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданЗеренді ауданы
Зеренді
Зеренді (көл) (Ақмола облысы)
Зеренді
Зеренді Ортаққорда

ЗерендіЕсіл алабындағы тұйық көл. А.Әбдірахманов жергілікті тұрғындар зерен сөзін бояу жасалатын шөп деп түсіндіретінін айтады. Оның көрсетуінше М.Қашқари еңбегінде "зерензе" сөзіне "мақсар ұрығы да зерензе ұрығы делінеді" деген түсінік берілген. Осыған қарағанда көне түркі тілінде "зерензе" сөзі қазіргі "мақсары" аталатын өсімдік атауы болғаны байқалады.

Зерттеушілердегі басқа көзқарас бойынша бұл - моңғол атауы. Ф.Фасмердің этимологиялық сөздігінде "антилопа", "косуля" мәнін білдіреді делінген. Қазіргі бурят-моңғол тілдерінде "зэрээн" антилопа деген түсінік берілген. Сөйтіп, бұл атау жөнінде екі түрлі топшылау бар, бірінде ол көне түркі тіліндегі өсімдік атауы - зерензе сөзінен жасалған делінсе, екіншісінде моңғолдың зерен - антилопа деген сөзінен алынған деп түсіндіріледі. [1]

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облысының Зеренді ауданы жерінде орналасқан. Көлдің табиғаты өте әсем, оны қалың қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңтүстік-батыс жағасында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 11,9 км2, ұзындығы 6,1 км, енді жері 3,8 км, тереңдігі 4-4,8 м. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауының биіктігі 10 м, батыс жағалауының биіктігі 4 м-ге жетеді. Оңтүстік жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Суы тұщы, ауыз суға жарамды. Көлдің беті толық ашық, тек жағалауға жақын 100-150 м сызығы қамыспен өсіп кеткен. Көлдің түбі тегіс, құмды, малталы және қойтасты болып келеді. Көл құмды-малтасты жағажаймен қоршалған. Зеренді ауылының маңында, солтүстік-шығыс жағалауында, жағажай үстінде қызықты рельеф құрайтын граниттердің шығуы байқалады, ол алыстан дәу жағажайға ұқсайды. Жалпақ бұрышты қойтастардың диаметрі 1-3 м, жалпақ жағы көлге қарай 20 градус бұрышпен қаралған, бір-біріне басылған.

Көлдің жағалауы ағашсыз, биік емес (4 м дейін). Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауларында биіктігі 10-30 м-ге жететін, кейде шыңды немесе құзды жерлер кездеседі. Жағалауының оңтүстігі жартылай бөлігі қарағайлы және қайыңды орманмен жамылған, негізгі бөлігі егістік жерлер.[2]

Мұнда Зеренді көлінің атауы қайдан шыққаны жөнінде аңыз айтылады. «Казак отряды станица құру үшін «ащы жолақ» деп аталатын Петропавл-Павлодар бағытымен келе жатады, түнде судың жағалауына шығып, бұл көл немесе өзен екенін ешкім де білмеді. Олардың бағына қарай жақын жерде малшы-қазақтың алауы жанып тұрады. Олар көл ме, өзен бе екенін білгілері келгенде, қазақ жерді іздеп жүр деп ойлайды. «Жер ме?» деп сұрайды да, қолын «Жер анда!» деп сілтейді. Казактар не қылған «Жеранда» деп ойлады, ал таңертең олар көлді көрді, орман – станица құру үшін жақсы жер болды. Содан станицаны Зеренді деп атап кеткен. Бұл 1824 жылы болған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дүйсен Жүнісов Өзен-көл атаулары — Алматы: "Қазақстан", 1991. — 128 б. — ISBN 5-615-00842-2.
  2. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy