Мазмұнға өту

Кано

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кано[1] – Кано әулетінің сарай суретшісі 15 ғасырда құрған жапон кескіндеме өнері мектебі. Мектептің негізін қалаған –Кано Масанобу, одан кейінгі басшысы – Кано Мотонобу. Бастапқы белестегі Кано үшін (15 ғасыр – 16 ғасырдың 1-жартысы) біркелкі түсті (монохромдық) кескіндеменің сәндік дәстүрлері (Оңтүстік Сун дәуірінің қытай кескіндемесінің мұрасын қабылдаған) мен көптүстілік (полихромдық) Тоса мектебімен үйлесімділік тән болады. Ямато-э мектебінің дәстүріне сүйенген Мотонобу, К.Хидзэридің пейзаж жанрындағы, орамадағы, қалқадағы “гүлдер-құстар” суреттері жалпы композицияның шарттылық-сәнділік түсіндірмесі (тегіс айдын, ұқыпты түрде салынған сұлбалар), кейбір мәтіндердің (құстар, ағаш бұтақтары) шындыққа ұқсастығымен ерекшеленеді. Кано мектеп өнерінің өркендеуі Момояма дәуірімен (16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басы) байланысты. Кано мектебінің ірі өкілдері: К.Эйтоку, К.Мицунобу, К.Санраку, К.Найдзэн, К.Ёсинобу, К.Танъю, К.Сансэцу, К.Кога, К.Кунио, К.Танрэй, т.б.

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy