Мазмұнға өту

Квитанция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Квитанция(гр. quіtanza quіtanza), түбіртек қағаз – ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды, пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат. Жүк квитанциясы және қоймалық квитанция түрлеріне бөлінеді. Жүк квитанциясы жүк тасымалдаушының қайсыбір құндылықты тасымалдауға қабылдағаны туралы құжат болып табылады. Парцельдік жүк квитанциясы құнды жүктерді ұсақ топтамалармен тасымалдау кезінде коносаменттің (жүкқұжаттың) орнына жүреді. Қоймалық квитанция жүк иесіне қойма иесінің жүкті сақтауға қабылдағанын куәландыру ретінде беретін құжаты. Ол екі бөлімнен:қойма куәлігінен және қойма варрантынан – тауарды қоймаға жайғастырған қойма басқарушысы беретін жүктің қабылданғаны туралы құжаттан тұрады.[1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy