Мазмұнға өту

Лазер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лазер
Лазер (NASA лабараториясында).

Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.

1. Лазер сәулесін беретін аспап. Оның түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері. Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл қабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады.[1]
Лазерлік көрсеткіші бар Револьвер
2. кванттық генераторлар мен оптикалық диапазондағы күшейткіштер. Лазер атауы ағылшынның "Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation" сөзін қысқартқандағы LASER атауынан шыққан ("индуктивті сәулеленудің комегімен жарықты күшейту"). Лазердің негізгі бөлшектері: белсенді зат, резонатор, козғаушы көз бен жабдықтаушы көз. Лазер жарық толкындары диапозоныңда жұмыс істейді әрі кванттық-механикалық қондырғының бір түрі болып табылады. Оның жұмысы белсенді заттың козғаушы микробөлшектерін квант жарығына индуцивті жіберуге негізделген. Лазер өте жұқа шашырамайтын (шоғырланған), энергиясының тығыздығы жоғары жарық сәулесін алуға мүмкіндік береді. Бұл сәуле байланыс құралы (оның ішінде аса алыс ғарыштық), локация, навигация және талқандайтын қару ретінде де қолданылуы мүмкін. Шетелдік мамандар Лазердің көмегімен әр түрлі соғыс міндеттерін орындауға: мысалы, жер үсті, әуе, су асты, су үсті нысаналарының координаттарын анықтауға, бірнеше корреспондент арасылда көп каналды байланыс орнатуға, қарсыластың тірі күштерінің көзін шағылыстырып, құртуға, басқарылатын ракеталарды жер үсті және әуе нысаналарына бағыттауға болады деп есептейді. Соңғы уақытта АҚШ-та көптеген зерттеулер радиациялық карулар (ракетаға қарсы "өлім сәулесі") ойлап табуға, оптикалық кванттық генераторлар жасауға бағытталған. Инфрақызыл диапазондағы Л. жасалуда: ол 1 млн. градус температураға сәйкес келетін сөулелену туғызуы керек. Мұндай құрал қарсыластың 60-320 KM қашықтықтағы ғарыштық снарядын балқытып (буға айналдырып) жіберуге тиіс. Сондай-ақ жеке кару ретінде қолдану әрекеті де АҚШ-та бақылаушыны соқыр етуге арналған оптикалық кванттық генераторы бар винтовка жасалуда.[2][3]

Лазерлік спектроскопия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лазерлік сәулелену көмегімен алынған жарықтың жұтылу, шығару және шашырау спектрлерін оқып-зерттейтін спектроскопия бөлімі.

Шашты лазерлік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шашты лазерлік түрде алып тастау - бұл терінің қажетсіз шашынан арылудың тиімді және танымал шешімі, өйткені оны кез-келген тері реңіне қолдануға болады.[4]

Лазерлік материалдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лазерде актив орта жасау үшін қолданылатын зат.

Лазерлік гироскоп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әсері тұйық канал бойынша бір-біріне қарама-қарсы жүгіретін екі лазер шоғын пайдалануға негізделген кванттық гироскоп.

Лазерлік өту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лазер сәулеленуін генерациялауға қолданылатын атомның немесе молекуланың энергия деңгейлері арасындағы өту.

Лазерлік термоядролық топтау (ЛТТ)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғары температура, затқа лазер жарығымен сәуле беру жолымен оны сыққан кезде жасалатын термоядролық топтау.[5]

Лазерлі басу құрылғысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лазерлі басу құрылғысы (орысша: лазерное печатное устройство) - ксерографиялық типтес басу аппараты (таңба жинақтау қүрылғысы). Мұнда таңба белгілері лазер сәулесі әсерімен сәулесезгіш барабанда көрінбейтін жасырын (скрытое) бейнелер ретінде қалыптасады. Содан кейін ол ксерографиялық әдіспен қағазға беріліп ұнтақты бояумен айқындалады.

Лазерлі оймалау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лазерлі оймалау (орысша: лазерное гравирование) — форма материалдарында лазер сәулесін оймалау аспабы ретінде пайдаланып, басу бейнесін қалыптастыру. Жайпақ офсет және ойыңқы басу түрлерінің формаларын жасауда қолданылады.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
  3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  4. Шашты лазерлік тазарту.
  5. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  6. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy