Лев Николаевич Гумилев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лев Николаевич Гумилев

1934 жылғы фотосурет
Туған күні

1 қазан 1912 (1912-10-01)

Туған жері

Ресей, Царское Село

Қайтыс болған күні

15 маусым 1992 (1992-06-15) (79 жас)

Қайтыс болған жері

Санкт-Петербург

Азаматтығы

КСРОРесей

Ғылыми аясы

тарихнама, этнология, шығыстану, археология

Жұмыс орны

КСРО халықтарының этнография мұражайы (в 1949)
Мемлекеттік Эрмитаж (в 1956—1962)
ЛМУ Ғылыми-зерттеу географиялық және экономикалық институты (1962—1987 жж.)

Ғылыми дәрежесі

Тарих ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы

жетекші зерттеуші

Альма-матер

Ленинград мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекші

Н. В. Кюнер

Атақты шәкірттері

Г. М. Прохоров

Несімен белгілі

орыс ғалымы, тарих ғылыми докторы, география ғылыми докторы

Әке-шешесімен бірге

Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 15 маусым 1992, Санкт-Петербург) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог, XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы.

Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917-1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 ж. Гумилев Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI–VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилев қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады.

1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалды. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген.

2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилевке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған: «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына». Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гумилевтің есімімен аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы құрылды.

Негізгі еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Этногенез и биосфера Земли», АСТ, Астрель, 2005 ж., ISBN 5-17-031811-1, 5-271-12025-2
  • «Конец и вновь начало», АСТ, АСТ Москва, Хранитель, 2007 ж., ISBN 978-5-17-044877-7, 978-5-9713-5990-6, 978-5-9762-3829-9
  • «В поисках вымышленного царства», Товарищество «Клышников — Комаров и К», 1992 ж., ISBN 5-87495-006-0
  • «Древняя Русь и Великая степь», Астрель, АСТ, 2004 ж., ISBN 5-17-026279-5, 5-271-09769-2
  • «История народа хунну», АСТ, Люкс, 2004 ж., ISBN 5-17-026629-4, 5-9660-0501-X
  • «Тысячелетие вокруг Каспия», АСТ, АСТ Москва, Харвест, 2008 ж., ISBN 978-5-17-051463-2, 978-5-9713-9145-6, 978-985-16-6196-7
  • «Черная легенда», Айрис-Пресс, 2008 ж., ISBN 978-5-8112-3377-9
  • «Древний Тибет», ДИ — ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-022-0
  • «Открытие Хазарии», ДИ-ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-023-9
  • «Волшебные папиросы» 1993 (написал в Норильском лагере в 1942 ж., решился записать на бумаге в 1966 ж., издано посмертно).

Л.Н. Гумилев мұражайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Л. Н. Гумилевтің жүз жылдығына арналған Қазақстан пошта маркасы
Л. Н. Гумилевтің жүз жылдығына арналған Қазақстан пошта маркасы

Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері — Е. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты.

2004 жылы Н. В. Гумилева ғалымның Мәскеу жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтап, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар.

Л. Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту мен Мәскеуден Астанаға Л. Н. Гумилевтiң Мәскеу кабинетiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдаған болатын (2004-2008 жж.). 7 қазан күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде немере жиені, профессор Маргарита Иоанновна Новгородованың қатысуымен Л. Н. Гумилевтің мұражай-кабинетінің жаңа экспозициясының тұсаукесері өткен болатын. 2012 жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді. Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы Мұрағатталған 7 ақпанның 2013 жылы. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұражай Мұрағатталған 12 ақпанның 2013 жылы. нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино-, фото-, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін. Мұражайдың түпкi мақсаты — Л. Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу, еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату.

Мұражайдың негiзгі міндеті — Л. Н. Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]