Льюис Генри Морган
Льюис Генри Морган | |
Lewis-Henri Morgan | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
17 желтоқсан 1881 (63 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Льюис Генри Морган (ағылш. Lewis-Henri Morgan; 21 қараша 1818, Орора, Нью-Йорк - 17 желтоқсан 1881, Рочестер, Нью-Йорк) — америкалық этнограф, археолог, алғашқы қауымдық қоғамды зерттеуші тарихшы, прогресшіл қоғам қайраткері. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1875).
Мамандығы - заңгер. Ирокез-үндістердің тегі мен тұрмысын зерттейтін және оларға көмек беретін қоғам құрып (1840), АҚШ-та үндістерді кемсітіп, қырып жоюға қарсы шықты. Морганның «Ирокездер лигасы» (1851) деп аталатын алғашқы үлкен еңбегі - бүгінге дейін бұл тайпалар жөніндегі аса құнды зерттеу. Морган бұдан кейінгі еңбектерінде олардың негізгісі «Ежелгі қоғам, немесе Адамзат прогресі бағыттарының тағылықтап варварлық арқылығы цивилизацияға өтуі жөніндегі зерттеу» көбінесе прогресс идеясын және адамзаттың тарихи дамуы бірлігін дәлелдейтін, алғашқы қауымдық қоғамды зерттеуші тарихшы ретинде танылды. Оның ілімінде алғашқы қауымдық қоғамның универсалды-тарихи негізгі ұйтқысы ретінде ру туралы тұжырым басты орын алды. Меншіктің коллективті формалардан жеке меншікті формаларға қарай дамуы және отбасы мен некенің топтық формалардан дербес формаларға көшу эволюциясы жайлы тұжырым да осыдан өрбиді. Морган алғашқы қауымдық құрылыс тарихын тағалық және варварлық дәуірлерге, ал олардың әрқайсысын тағы үш топқа бөліп, ғылыми талдау жасады. Қазіргі этногр. және археол. зерттеулердің мәліметтері Морганның кейбір тұжырымдарын анықтай түсуді қажет етеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |