Люк Монтанье

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Люк Монтанье
фр. Luc Montagnier

Люк Монтанье, 2008 жыл
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Туған жері

Шабри, Эндр департаменті, Франция

Қайтыс болған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Ғылыми аясы

Вирусология, Иммунология

Жұмыс орны

Пастер институты (Париж)

Альма-матер

Париж университеті

Несімен белгілі

АИВ вирусын бірінші ашушы

Марапаттары


Ласкер сыйлығы (1986)
Кербер сыйлығы (1986)
Жапония сыйлығы (1988)
Халықаралық Король Фейсаль сыйлығы (1993)
Хейнекен сыйлығы (1994)
Астурия ханзадасы сыйлығы (2000)
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (2008)

Үлгі:Құрметті легионның Үлкен офицері Үлгі:Құрмет ордені коммандоры (Франция)

Люк Антуан Монтанье (фр. Luc Antoine Montagnier) (18 тамыз 1932 ж.т., Шабри, Франция) — француз вирусологы, Құрметті легионы орденінің кавалері, физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы лауреаты 2008 жылы, ол бұны Харальд цур Хаузенмен және Франсуазой Барре-Синуссимен бөлісті. Барре-Синуссимен бірге 1983 жылы АИВ инфекциясын адамның АИВ ретровирусын ашты.

Люк Монтанье Шабри қаласында Тура маңында есепші отбасында дүниеге келген. Оның әкесі ғылымның энтузиасты болатын және демалыс күндері өз үйінің жертөлесінде тәжірибе жүргізді. Монтанье Шатьеро колледжін бітірді және 1953 жылы Пуатье университетітін бітірді, мұнда бакалавр баламасына есептелетін жаратылыстану ғылымдарының дәрежесін алды. Екі жылдан соң Париж университетінен магистр дәрежесін алды. Кейін ол Сорбоннада ғылым факультетінде ассистент және физиология кафедрасында сабақ берді, сонда 1960 жылы диссертация қорғады. Сол жылдан бастап Монтанье Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығында (CNRS) қызмет ете бастады, дегенмен де Ұлыбританияға ғылыми тәжірибеге кетуді жөн көріп, онда үш жарым жыл Карсхэлтонде жұмыс істеді.

Сандерспен (F. K. Sanders) Монтанье РНК вирусын зерттеді және олар тізбекті РНК репликациялануы нәтижесінде қос-тізбекті қалыптастыруы пайда болуы мүмкін екендігі анықталды. Бұл ДНК пайда болуынан және транскрипциясынан кейін қажетті қадам болып табылады, бұл вируске генетикалық материалына орналасады. Бұл сол уақытта вирусологияда маңызды жаңалық болды.

1963 жылдан бастап 1965 жылға дейін, Монтанье Глазгода (Шотландия) вирусология институтында Ян Макферсонмен жұмыс істеді, онда 1964 жылы агар, қызыл балдырларын дамытуға гель құратын экракты рак клеткаларының дамуына үшін тамаша субстрат болып табылатынын тапты. Бұл техникалық зерттеулер онкогенді және жасуша трансформацияларын зерттеуде классикаға айналды. 1965-1972 жылдары Монтанье Орсэде Радий институтының (қазіргі Кюри институты) зертханасының директоры болды. 1972 жылы Пастер институтын құрды және вирустық онкология бойынша департаментінің директоры қызметін атқарды.

Монтаньенің негізгі ғылыми бағыты қатерлі ісіктің туына себепші болатын ретровирустер еді. 2014 жылы, Монтанье өзінің жаңа идеясымен шықты, оның дәлелінше биологиялық материалдың ең төменгі концентрациясында да сақталатын судың құрылымда өзгерістер тудыратын ДНҚ әлсіз электромагниттік сәуле шығаратыны анықталды. Әйткенмен, сыншылар Монтаньені соқыр қызығушылықпен айналысты деп айыптады[1].

Қайнаркөзі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Нобель сыйлығы 2008

Үлгі:Нормативтік бақылау