Мазмұнға өту

Майя жазуы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Майя жазуыүндістердің иероглифтік жазуы. Б.з. алғашқы ғасырларына жататын жазуды майялар ағаштың қабығы мен бұғының терісіне, тастар мен қыштарға ойып жазған. 1561 ж. испан басқыншылары майялардың бай кітапханасын өртеп, жойып жіберуіне байланысты, сондай-ақ христиан дінінің үндістер арасына таралуына орай Майя жазуы мүлдем жойыла бастаған. Оның нұсқалары Дрезден, Мадрид, Париж кітапханаларында сақтаулы. Бұл жазу Мексика тайпаларында да кең қолданылған. Майя жазуын зерттеу 1864 ж. Кенгсборода Диего де Ланда баспасында жарық көрген “Юкатан істері туралы хабарламадан” басталды. Бірақ бұл жолы жазбаларды зерттеу жұмыстары сәтсіз аяқталды. Тек 1951 ж. орыс ғалымы Ю.В. Кнорозов тарихта белгілі иероглифтік жүйеден Майя жазуының айырмашылығы жоқтығын анықтады. Майя жазуы Америка құрлығындағы көне мәдениет белгісі болып саналады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy