Манор
Манор (ағыл. manor, лат. maneo - тұрамын, өмір сүремін) - орта ғасырлық Англиядағы феодал иелігінің атауы. Бұл атау норманд дәуірінде кең тараған. "Типтік" Манор екі бөлімнен тұрады: лордтың жеке шаруашылығы жүргізілетін жері мен ерікті және басыбайлы шаруаларды ұстаушылардың жері. Манорға көбіне қауым болып пайдаланылатын қауымдық жерлер де кірген. 13 ғасырдың ақырында ұсақ және орта Манорлар басым болды. Товар мен ақша қатынасының дамуына байланысты Манор жүйесінің ыдырауы вилландардың басыбайлықтан арылып, бірте-бірте барощинаны коммутациялауға ұласты. Домендік жерлер ірі жер жалдаушыларға немесе кішігірім бөліктерге бөлініп, ұсақ шаруаларға жалға берілді. 18 ғасырда манорлық жүйе біржолата жойылып, жер иеленудің капиталистік формасына орын берді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы