Мазмұнға өту

Марказит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Марказит

Марказит-— FeS2 . Марказиттің химиялық құрамы көбінесе темірден (46,6%), күкірттен (53,5%) және аз ғана мөлшерде мышьяк (As) пен титаннан (Ті) тұрады. Қаттылығы 5—6, меншікті салмағы 4,6—4,9. Электр тогын нашар өткізеді. Сингониясы ромбылық ; ромб-дипирамидалық , конкреция түрінде. Құрылысы сәуле сияқты; садақ оғы және тарақ сияқты қоспақтары бар.

Марказит аса қышқылды салқын су ерітінді-лерінен пайда болады, бірақ үлкен жинақтары болмайды, гидротермалық желілерде сирегірек кездеседі. Марказит саз тақта тастардың, мергельдердің арасында көп таралған. Марказит пирит сияқты күкірт қышқылын жасауға қолданылады. Марказит көп тараған минерал. Ол Борович кен орнынан (Новгород облысы), Уралдан шығады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy