Миллард Филлмор
Миллард Филлмор (ағылш. Millard Fillmore, 1800–1874) — АҚШ-тың 13-президенті (1850—1853). АҚШ Вига партиясының соңғы президенті және ізашарының қазасынан соң президенттік орынға отырған екінші президент. Кейін екі рет президенттікке өз еркімен кандидатурасын ұсынды, алайда екі ретте де сәтсіздікпен аяқталды. Әдетте Филлмор өзінің тікелей мұрагерлері Пирс пен Бьюкенен сияқты АҚШ президенттері тарихындағы нашар президенттердің бірі деп есептелді.(қайнар көзі көрсетілмеген)
Мансабының бас кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Миллард Филлмор — Нью-Йорк штатының аса бай емес фермерінің ұлы. Тігінші шеберлігін үйреніп, 15 жасында шұға фабрикасында еңбек етті. Миллирд Филлмор бос уақытын кітап оқуға арнайтын. Миллард бірнеше дәулетті адамдардың көмегімен Буффалода құқықтануды игеруге мүмкіндік алып, ары қарай қарыздарға бола жеке тұтқынға алуды жою туралы заң жүргізіп, штаттың заң шығару жиылысының мүшесі және қорғаушы қызметіне ие болды.
1828 жылы Миллард Филлмор Т.Уидпен танысты. Ол болашақ президентті масондық қозғалысқа қарсы қозғалысқа қосылуға шақырды. Ал келесі жылы Миллардты Нью-Йорк штатының заң шығару мәслихатына сайланды. Сол уақыттарда ол Уидтің ізімен Джексонға қарсы қозғалысқа өтіп кетеді.
1833—1835 және 1837—1843 жылдары АҚШ конгресінде мәслихатшы болды. 1830 жылы вига партиясына кіріп, ымыраға бейімділігі мен үлкен ұстамдылығымен ерекшеленіп тұрды.
1848 жыл сайлауында АҚШ вице-президенттер орнына оның кандидатурасын ұсынып, 1849 жылы 4 наурызда осы орынды иемденді. 1850 9 маусымдағы Закари Тейлордың қазасы оны Құрама Штаттардың он үшінші президентті етті.
Президенттігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ол Калифорниядағы Одақ құрамына еркін штат құқығы заңымен басқа да еркін штаттардың қашқын құлдарын іздеудегі құл иеленушілерге сыйақы берген Клей ымырасын жүргізуге атсалысты. Бұл заң Филлмор мен демократтарды келестермеді, алайда оны Солтүстік вигтерден аластатты, 1852 жылы президенттіктің келесі төрт жылына үміткерлікке ұсынылғанда, тек Оңтүстік вигтіктердің азғантай бөлігінен қолдау тауып, нәтижесінде президенттікке партиядан Уинфрид Скотт кандидаттыққа ұсынылды.
На выборах 1856 жылғы сайлауда президенттікке оның кандидаттығын Know nothing эфемерлік партиясы (сол құлиелену отты мәселесіне бейтарап көзқарасты ұстанған және Құрама Штаттарға қоныс аударушылардың келуін тоқтату талабындағы ) ұсынды. Соңғы үміткерлікке ұсынылуда 296 сайлаушылардың 8 ғана жауыс берді ( сайлауда 4 млн. жалпы санынан 874 000 дауыс қана берілді). Осыдан соң оның саяси мансабының жолы тәмамдалған болатын. Қараңыз. J. Chamberlain, «Biography of Millard F.» (Буффало, 1856)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Энциклопедический словарь Брогкауза и Ефрона
- Миллард Филлмор на сайте «Peoples»
- Газета "Аргументы и Факты", №51 от 2007 г.
|