Мазмұнға өту

Науатль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Науатль, (Ацтек немесе Мексикано)[1] – Уто-Ацтек тіл тобына жататын тілдердің атауы. Түрлі деректерге сай науатльде басым бөлігі Орталық Мексикада мен АҚШ-тың онтүстік штаттарында тұратын 1.7 миллион науалар сөйлейді.

Науатль орталық Мексика аумағында б.з. VII ғасырдан бастап сөйленіп келеді. Бұл тілде Мешикалар (мексика) сөйлеген. Мешика адамдары Мезоамериканың пост-классикалық кезеңінде аумақтағы доминантты күштердің бірі болған. Теночтитлан тұрғындары қолдауы себебінен Мезоамерикадағы мәртебелі тіл статусына дейін көтерілген.

Испанияның жаулап алуынан кейін испандық отаршылдар мен миссионерлер науатльге латын қарпін енгізді. Осы тілдегі көптеген тарихнама құжаттар, грамматика бойынша еңбектер, әдеби шығармалар, әкімшілік құжатнама мен кодекстердің басым бөлігі XVI-XVII ғасырларда жазылған. Теночтитланда қолданыста болған тілдің нұсқасы классикалық науатль деп аталды. Науатль Америкадағы ең көп зерттелген тілдердің бірі.

Классификация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Науатльдің Еуропалықтармен қатынасқа дейін және заманауи таралуы. Қазіргі (қызыл) және тарихи таралу аймағы (жасыл)

Мексикалық Байырғы халықтар тілдері институты науатльдің 30 түрлі нұсқасы бар деп таниды. Өз кезегінде Этнология тілдердің жылдық классификаторы тілдің ISO кодына сай 28 нұсқасы бар деп қабылдаған. Кейде науатль атауы Сальвадор мен Никарагуадағы науат тіліне қатысты да қолданылады. Қазіргі Мексика контекстінде жекелеген тілдерді науатльдің басқа түрі, әлде диалектісі ме деген сұрақ жоғары деңгейде саясиланған.[2]

Науатльдің көп сөздері испан тіліне кірген. Олардың басым бөлігі Америка құрлықтарына тән заттар мен ұғымдарды атау үшін қолданылған. Кейбір кірме сөздер испан тілінің тек мексикалық немесе Орталық Америкалық нұсқасында ғана қолданыста. Ал кейбір сөздер испан тілінің әлемдегі басқа нұсқаларында да қолданыста бар. Науатльдегі кейбір сөздер, мысалы, шокалад, томато немесе авокадо сөздері испан тілі арқылы басқа да тілдерге еніп кеткен.[3] Нақтырақ, қазақ тіліндегі шоколад немесе томат (науатльше: томатль/tōmatl) сөздері. Кең таралған сөздер қатарында койот (науатльше: койотль/coyōtl), авокадо (науатльше: ахуакатль/āhuacatl) немесе чили (науатльше: чилли/chilli). Сонымен қатар ацтек (науатльше: ацтекалтль/aztēcatl), какао (науатльше: какачуатль (қабық, қабықша)),[4] оцелот (науатльше: оцелотль/ocēlotl).[5] Өңірдегі кең таралған көптеген топонимика атауларының шығу тегі науатльден бастау алады. Мысалы, Мексика (ацтектердің астанасы болған Мешихко атауы) және Гватемала (Куаухтемаллан/Cuauhtēmallān) атаулары.

Ацтектер қызыл қызанақтарды шитоматль (xitōmatl), ал жасыл қызанақтарды томатль (tōmatl) деп атаған. Соңғы атау томат немесе томато деп өзгеріп, басқа тілдерге де еніп кеткен.





Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Nahuatl Family. SIL Mexico.
  2. Pharao Hansen, 2013
  3. Haugen, 2009
  4. Үлгі:Harvcoltxt
  5. Pickett, Joseph P., ed (2000). "ocelot" (online version). The American Heritage Dictionary of the English Language (4th ed.). Boston, MA: Houghton Mifflin. ISBN 978-0-395-82517-4. https://archive.org/details/americanheritage0000unse_a1o7. Retrieved 7 August 2019. 
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy