Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Ұлы Пакаль II - Майя өркениетінің әрі мемлекеті, әрі қаласы болып саналатын Паленкенің билеушісі. Пакель анасы жағынан патша әулетіне жатады. Таққа отыруына паленкелік патриоттар партиясының жеңісі себеп болды. 615 жылы 29 шілдеде таққа отырған кезде Пакель бар болғаны 12 жаста болған екен. Сол кезеңде Паленкеге көршілес Помон және Калакмуль қалаларының әскері қайта-қайта шабуыл жасап жатты. Жаулары тұтқындарды құрбандыққа шалып отырғандықтан, Паленкеде күннен -күнге ер адамдар саны азая берді. Пакаль әлі жас болғандықтан, ол есейгенше оның анасы Сак Кук елді басқарды. Пакаль билікке келген соң бірнеше шағын қала-мемлекеттерді өзіне бағындырды. Осыдан бастап Паленке тарихында жаңа кезең басталды. Бұрынғы ата жауларынан кек қайтару үшін Пакаль Помон қала-мемлекетіне дүркін-дүркін шабуыл жасап, Майяның өзге тайпалары арасында өз халқының үстемдігін күшейтті. Өз билігін нығайтқаннан кейін Пакаль алып ғимараттардың құрылысын салумен айналысты. Паленке сарайы - Майя сәулет өнерінің үздік үлгісі. Ол қазірге дейін сақталған. Пакаль анасы жағынан тақ мұрагері болғандықтан көпшілігі Пакальді ұнатпаған. Жұрттың бұл наразылығын тыю үшін Пакаль анасы Сан Кук пен қлы Кан Баламды "тәңірі" деп жариялап, әулеттің тарихын қайта жазып шықты. Ұлы Пакаль 80 жасқа келгенше билік құрды.. Ол "Жазба ғибадатханасы" деп аталатын, пирамида түрінде салынған үлкен мазарда жерленген. Мазардың бұлай аталу себебі- оның қабырғаларындағы жазуларға байланысты. Мұнда Паленке билеушілерінің шежіре-тарихы жазылған. Бұл сәулет ескерткіші- Майя классикалық өнерінің бір бөлшегі ғана.