Мазмұнға өту

Палау (тағам)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Палау
 Басқа мағыналар үшін Палау деген бетті қараңыз.

Палау — тағам.

Палауды майға пиязды қыздырып, мал етін (көбіне қой етін), сәбіз қосып, күріш салып бұқтырып әзірлейді. Оған кейде өрік немесе мейіз де қосылады. Ет қосылмай, мейіз салып пісірген түрін тәтті палау деп те атайды. Палау түркі халықтарының (әсіресе өзбектердің) арасында кеңінен тараған.[1]

«Шалқан» палауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Шалқан» палауы — жуылған күрішті тұздалған суық суға салып (1 л суға 100 г тұз) 2 сағат ұстайды. Етті 25-30 г кубиктерге бөледі, майға қызарғанша қуырады, одан соң тұздайды, кесілген бас жуа қосып тағы да 5 мин қуырады. Оған ұзындап кесілген тұрма салады, күріш себеді, 1:1,5 есебінде ыстық су немесе сорпа құяды да, нығыздалып жабылған ыдыста баяу отта пісіреді. Үстелге әкелер кезде, маринадталған қиярлармен, балдыркөктермен безендіреді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy