Мазмұнға өту

Парана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Парананың Дельтасы

Парана[1] (үндістерше Parana — үлкен өзен) — Бразилия мен Аргентина жеріндегі өзен. Ішінара Аргентина мен Парагвай шекарасымен ағады. Ұзындығы 4380 км, алабының аумағы 2663 мың км² (Уругвай өзенімен бірге 2970 мың км²). Бастауын Бразилия таулы үстіртінен ағып шығатын Риу-Гранди және Паранаиба өзендерінен алады. Сол жағынан Тьете, Паранапанема, Игуасу, Уругвай, оң жағынан Парагвай, Рио-Саладо салалары қосылады. Орташа су ағымы 17,5 мың м3/с. Парана Парана лавалық үстіртінен ағып өткенде шоңғалдар мен су құламаларын (Игуасу — биіктігі 72 м, Сети-Кедас — биіктігі 33 м) құрайды. Ла-Плата ойпатына шыққаннан кейін нағыз жазықтық өзенге айналады. Сағасында Уругвай өзенімен қосылып Ла-Плата эстуарий-шығанағын түзеді. Парана жаңбыр суымен толығып, жылына екі рет тасиды (қаңтар — мамырда және маусым — шілдеде). Сағасынан Посадас қаласына дейін кеме қатынайды. Су құламаларының бойында бірнеше қуатты электр станциялары салынған. Басты қалалары: Посадас, Корриентес т.б. (Аргентина); Ла-Плата жағалауында Буэнос-Айрес Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2012 жылы. (Аргентинаның астанасы) және Монтевидео (Уругвай астанасы) орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 7 т,
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy