Мазмұнға өту

Пьер Кюри

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Пьер Кюри
фр. Pierre Curie
Туған күні

15 мамыр 1859 (1859-05-15)

Туған жері

Париж, Франция

Қайтыс болған күні

19 сәуір 1906 (1906-04-19) (46 жас)

Қайтыс болған жері

Париж, Франция

Азаматтығы

 Франция

Ғылыми аясы

физика

Жұмыс орны

Париж университеті

Альма-матер

Сорбонна

Ғылыми жетекші

Габриэль Липпман

Атақты шәкірттері

Поль Ланжевен

Марапаттары


Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1903)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Пьер Кюри (фр. Pierre Curie; 15 мамыр 1859, Париж19 сәуір 1906, Париж) — француз физигi, радиоактивтiлiк туралы ғылымның негiзiн құраушылардың бiрi, Париж ғылым академиясының мүшесi, 1903 жылғы Нобель сыйлығының иегері.

1877 ж. Париж университетiн бiтiрiп, сонда 1878-1883 ж.ж. ассистент болып жұмыс iстейдi. 1883-1904 ж.ж. физика және химия мектебiнде қызмет етедi.

1904 ж. бастап Париж университетiнiң профессоры болады.

Кюридiң зерттеулерi кристалдар теориясына, магнетизмге, радиоактивтiлiкке арналған.

1880 ж. өзiнiң iнiсi минералог Ж.Кюримен бiрге пьезоэлектрлiк эффект құбылысын және керi эффект – кристалға электр заряды берiлген кезде серпiмдi деформациясының пайда болуын ашады.

1884-1885 ж. кристалдардың түзiлу теориясын дамытып, олардағы симметрия заңын зерттедi, кристалл жақтарының беттiк энергиясының түсiнiгiн берiп, кристалдардың өсуiнiң жалпы принципiн бердi.

1897 ж. бастап ол өзiнiң жұбайы М.Складовская-Кюримен бiрге радиоактивтiлiк теориясына үлкен жетiстiктер алып келдi. 1898 ж. жаңа радиоактивтi элементтер – полоний мен радийдi ашты, 1899 ж. радиоактивтi сәуле шығарудың күрделiлiгiн, оның қасиеттерiн анықтады.

pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy