Мазмұнға өту

Рок-музыка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рок
Сурет
Бастаулары

блюзрок-н-ролл, джаз, электрик-блюз, кантри, соул

Пайда болған уақыты мен жері

1950 жылдар ҰлыбританияАҚШ

Өркендеу жылдары

1960 — осы шақ

Ұқсас жанрлар

афро-рок, блюз-рок, бугалу, бхангра-рок, глэм-панк, дэнс-рок, индастриал-рок, кантри-рок, мэдчестер, пауэр-поп, поп-рок, пунта-рок, рага-рок, раи-рок, регги-рок, рокабилли, рэп-рок, самба-рок, суфи-рок, фанк-рок, фламенко-рок

Туынды жанрлар

альтернативті рок, арт-рок, гранж, глэм-рок, готик-рок, инди-рок, нойз-рок, паб-рок, панк-рок, постпанк, прото-панк, психикалық рок, сатерн-рок, сёрф-рок, софт-рок, спейс-рок, стоунер-рок, фолк-рок, хард-рок, хартленд-рок, глэм-панк, метал, прогрессивті рок, пост-рок

Сыртқы медиафайлдар
Кейбір рок түрлерінің мысалдары
Elvis Presley (рок-н-ролл)
Bob Dylan (фолк-рок)
Jimi Hendrix (блюз-рок)
The Doors (психоделикалық рок)
Deep Purple (хард-рок)
Pink Floyd (прогрессив-рок)
Fleetwood Mac. (софт-рок)
Iron Maiden (хэви-метал)
Дэвид Боуи (глэм-рок)
Dire Straits (паб-рок)
Toto (поп-рок)
Sex Pistols (панк-рок)
The Cure (постпанк)
Muse (альтернативті рок)
Arctic Monkeys (инди-рок)
Nirvana (гранж)
Green Day (поп-панк)

Рок-музыка (ағылш. Rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. Рок-музыка негізін Солтүстік Американың халықтық фольклорырок-н-ролл және кантри құрайды. Рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. Ұлыбритания және АҚШ-та қалыптасқан. Рок-музыканың танымал өкілдері — “The Beatles”, “The Rolling Stones”, “Led Zeppelin”, “Pink Floyd” сияқты музыкалық ансамбльдер. Рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. Рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. Оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. Мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т.б.), жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“хард-рок”, “софт-рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т.б.), көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. Рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. ТМД елдерінде Рок-музыка 1965 — 80 ж. дамыды. Бірқатар әуесқой топтар құрылды. Сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (А.Г. Шнитке, Э.Н. Артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. Кейінгі жылдары Рок-музыка Батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy