Мазмұнға өту

Синтагма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Синтагма (гр. σύνταγμα - біртұтас құрастырылған) — 1) синтаксистік біртұтас қатынасты білдіретін интонациялық-мағыналық бірлік, анықтауыш-анықталушы түріндегі қос мүшелі құрылым. Мұндай құрылым жеке сөздер мен морфемалардан (от-оғасы, орын-басар, қол-ғанат, жылкы-шы, ескерт-кіш), сөз тіркестерінен (королы қой, шапқан сайын), паузамен шектелген кез келген фразалар (Адам ауыр науқас уетінде/бұл дуниеден гөрі о дүниені/көбірек ойлайтын әдеті ғой (Қ, Жумаділов)).[1] Л.В.Щерба синтагманы тұтас мағынаны беретін фонетикалық бірлік ретінде қарастырады. Синтагмаға бөлудің негізгі құралы - пауза. Ол сөйлеу әуенімен (мелодика), ырғақпен (темппен), күштілікпен (интенсивность) қоса жұмсалады. Синтагманың соңғы тұрған сөзіне ең күшті екпін түседі;

2) белгілі байланыс түрімен жалғанған екі не одан да көп тіл бірліктерінің тізбені (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) (Ф.де Соссюр).[2]

Тағы қараныз:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
  2. Әлеуметтік лингвистика сөздігі / Абасилов А. – Алматы, 2016.-168 бет.


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy