Мазмұнға өту

Тайланд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45000° с. е. 100.93333° ш. б. / 14.45000; 100.93333 (G) (O) (Я)
Тайланд Корольдігі
тай. ราชอาณาจักรไทย
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Пхленг чат» (тыңдау )
Тайланд
Тарихы
Құрылды 1238 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Тай тілі
Елорда Бангкок
Ірі қалалары Бангкок
Үкімет түрі Конституциялық монархия
Король
Премьер-министрі
Маха Вачиралонгкорн
Прают Чан-Оча
Мемлекеттік діні Буддизм
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 50-ші орын
513 120 км²
0,4
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

68 863 514 адам (20-шы)
64 785 909[1] адам
132,1 адам/км² (88-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,390 трлн.[2] $
20,474[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

516 млрд.[2][3] $
7,607[2][3] $
АДИ (2017) 0,755[4] (жоғары) (83-ші)
Этнохороним Тайлар
Валютасы ฿ бат (THB)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .th
ISO коды TH
ХОК коды THA
Телефон коды +66
Уақыт белдеулері +7

Тайланд (тай. ประเทศไทย), Тайланд Корольдігі[5]. (тай. ราชอาณาจักรไทย [râːtɕʰa ʔaːnaːtɕɑ̀k tʰɑj]), 1939 ж. және 1945—1948 жж. дейін СиамОңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.

Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.

Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.

Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0°С дейін төмендесе, Бангкокте 16°С болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды.

Халық саны 70 млн. адам тіркелген. Астанасы Бангкок. Бангкок 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тай этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды басым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады.

Мемлекеттік тіл – тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады.

Мемлекеттік дін – будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Патша конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тайландта саяси, экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия елдерінің ішіндегі ең бір перспективалық ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады.

Ақша бірлігі - "Бат". 1 бат =100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1฿ = 31$ болады.Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 10000$ - дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 50000 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған.

1 бат = 5 теңгеге тең.

Курорттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бангкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: ประเทศไทย

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. National Statistics Office, "100th anniversary of population censuses in Thailand: Population and housing census 2010: 11th census of Thailand" Мұрағатталған 12 шілденің 2012 жылы.. popcensus.nso.go.th.
  2. a b c d Thailand. International Monetary Fund. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2019. Тексерілді, 22 сәуір 2019.
  3. a b Thai Economic Performance in Q4 and 2017 and Outlook for 2018. National Economic and Social Development Board. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 ақпан 2018. Тексерілді, 21 ақпан 2018.
  4. Global 2016 Human Development Report Overview – English — New York: United Nations Development Programme (UNDP). — P. 22–24.
  5. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі.(қолжетпейтін сілтеме)
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy