Таймен
Таймен | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Hucho taimen Pallas, 1773 |
Таймен (лат. Hucho taimen) – албырттар тұқымдасы, өзі аттас туысқа жататын түр. Қазақстанда Ертісте, Бұқтырма су қоймасында және оларға құя-тын Қалжыр, Күршім, Үлбі, Ұба өзендерінде кездеседі. Ұзындығы 1 м-дей, салмағы 3 – 15 кг. Топтанбай, жеке тіршілік етеді. Тез өседі, бір жастағы балықтың ұзындығы 17 см-дей болса, бес жаста – 73,5 см-ге жетеді. 4 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Көктемде мұз ерісімен тау өзендерінің жоғарғы бөлігіне уылдырық шашу үшін ірі тасты тұнық жер іздеп өрістейді. Аналықтары 34 мыңға дейін ірі уылдырық салады. Кері қайтуы тамыз айынан басталып, ұзақ уақытқа созылады (уақытының көбі жол бойы иірімдерде, шұңқырларда, өзен қалтарыстарында қоректенумен кетеді). Ертіс пен оның ірі салаларында, су қоймаларында қыстап шығады. Таймень – жыртқыш балық, негізінен омыртқасыздармен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. 2 жасынан бастап балықтарды, сүтқоректілерді (ондатр, тиін, т.б.), құстарды (үйрек, т.б.) жейді. Республика су алаптарындаТайменьдердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том