Мазмұнға өту

Тим Бёртон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тим Бёртон
Tim Burton
Сурет
Тим Бёртон
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Тимоти Уолтер Бёртон

Туған күні

25 тамыз 1958 (1958-08-25) (66 жас)

Туған жері

Бербанк, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Белсенді жылдары

1982 — қазіргі уақытқа шейін

Марапаттары

«Алтын глобус» (2008)
«Эмми» (1990)

IMDb

ID 0000318

Тимоти (Тим) Уолтер Бёртон (ағылш. Timothy Walter "Tim" Burton; 25 тамыз 1958, Бербанк, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, мультипликатор, жазушы және кинопродюсер. «Алтын глобус» марапатының лауреаты (2008). Көбіне готикалық стиліндегі фильмдермен танымал. Суретші Дэниэл Бертонның ағасы. Ол мектепте жақсы оқымады және де кітап оқуды да ұнатқан жоқ. Сол үшін мектепте тапсырмалар берген кезде, ол тапсырманың орнына фильмдер жасайды. Мысалы, ол мектепте баяндаманы жазудың орнына “Худини” фильмін түсірген. Тимнің хоббилері фильмдерді көру және сурет салу болған. Ол монстр туралы Годзилла, Хаммер қасіретін фильмдерді жақсы көрген. Актер Винсент Прайс Бертонның кумирі болған, ақыр соңында онымен «Эдвард қайшықолдар» атты фильмін жасады.

Балалық шақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тим Бертон 1958 жылы 25 тамызда Калифорния штатының Бербанк қаласында дүниеге келген. NBC, Warner Brothers, Disney сияқты теледидар студияларының штаб-пәтерлері Бербанкта орналасқан. Тимнің ата-анасы – Билл мен Джин Бертон, сондай-ақ Тимнен үш жас кіші Даниэль інісі бар. Әкесі Билл Бертон Бербанк саябақтар және демалыс кафедрасында жұмыс істеді. Анасы Джин Бертонның Cats Plus деп аталатын дүкен болды. Бертонлардың үйі әуежайдың қасында орналасқан еді. Кейінірек Бертон “Эдвард қайшықолдар” фильмінде Бербанкты сипаттайтын болады. Бала кезінде оның ата-анасы, ол тек үстелдің үстіне шықса ғана дала көрінетіндей етіп, бөлмесінің екі терезесін жауып тастапты. 14 жасында ол қоқысқа қарсы плакат жасағаны үшін бірінші жүлдені жеңіп алды. Осы плакаттар келесі жылы қаланың қоқыс жүктеріне жапсырылды.

Мансапқа жету

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1976 жылы Бербанк орта мектебін бітіріп, Калифорния өнер институтына түседі (California Institute of the Arts). Бертон Дисней анимация бағдарламасы бойынша оқып, 1979 жылы Дисней анимация тобына қосылды. Аниматор ретінде жұмыс істеген кезінде Бертон “Түлкі мен Ит ” (“The Fox And The Hound”) бейнесін түсіруіне қатысты. Бұл жұмыс оны жалықтырып, студияда тұжырымдамалық суретші ретінде жұмыс істей бастады. Алғашқы жұмысы “Қара қазандық” (“The Black Cauldron”) болды. Диснейде жұмыс істеген кезде Бертон “Алдау және емдеу” (“Trick and Treat”)Trick балалар және олардың Хэллоуиннің алдындағы хикаялары туралы фильмі құру кезінде тоқтатылды. 1982 жылы Бертон жапон Дисней телеарнасы үшін “Гензель мен Гретель” (“Hansel and Gretel”) фильмін түсіреді. Диснейде жұмыс істегенде, Бертон Джули Хиксон және Том Уилхайтпен дос болды. Кейінірек Джон Тимге “Винсент”ті түсіруге 60,000 доллар берді. Джули Тимнің алғашқы фильмдерін түсіруге әсер етіп, “Бэтмен”нің сценарийімен көмектесті. Дисней үшін Бертонның көркем стилі ерекше болды, сол себепті ол келесі фильмдерді өз тарапынан жасады. Ол өз стилін “Рождествоның алдында Бастығырылу” (“The Nightmare Before Christmas”), қысқа “Винсент” (“Vincent”), қысқа “Франкенвини” (“Frankenweenie”) фильмдерімен бастады. Бес минуттық “Винсент” қара жəне ақ түстерімен түсірілді. Әңгіме өзін Винсент Прайс дер елестететін кішкентай бала туралы. “Франкенвини” фильмі электр қуаты арқылы өлі итін өмірге қайтарған ұл туралы болған. Пол Рубенс, “Франкенвини”-ді көргеннен кейін, басты рөлде Пи-Ви Херманмен “Пи-Ви-дің Үлкен Қызықты Оқиғасы” фильмін түсіруді Бертонға ұсынды. Фильмді түсірген кезде Бертон және композитор Дэнни Эльфман дос болып кетеді. Сол сәттен бастап Эльфман Бёртонның фильмдерінде тұрақты композитор болады. Фильм таңқаларлық табысты болды, содан кейін Бертон үш жыл бойы ешбір фильм түсірген жоқ.

Диснейден кейінгі жұмыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келесі “Битлджус” (“Beetlejuice”) киносы одан да үлкен хит болды. Кейін Warner Bros. Бертонға “Бэтмен” (“Batman”) комиксі негізінде фильм бағыттауға ұсынды. “Бэтмен” Голливудтың ең ықпалды фильмдерінің бірі, оның кассалық жалпы алымы, $ 250 миллионнан астам, студияның тарихында ең жоғарылардың бірі болды. 1990 жылы Бертон өзінің “Эдвард қайшықолдар” (“Edward Scissorhands”) атты жеке жобасын 20-шы Ғасыр Фокста (20th Century Fox) бастады. Ол өзінің басқалардан аулақтанып жүргенін фильмде сипаттаған. Джонни Депп Эдвард рөлін атқарды, сондай-ақ осы фильмнен кейін ол Бертонның жақын досы болады. Фильмнің көрермендері мен сыншылары көп болған, және де бұл Бертонның әртіс ретінде шындап қабылдануының бастауы болды. 1992 жылы ол “Бэтменнің қайтып келуі” (“Batman Returns”) жалғасын істеді. Фильм балаларға көруге ұсынылмайтын қараңғылық пен залымдардың артықшылығы жайлы сынға ұшыраған. Сол жылы Бертон Кэмерон Кроудың “Жалғыздар” (“Singles”) және Дэнни ДеВитоның “Хоффа” (“Hoffa”) фильмдерінде эпизодты рөлдерді атқарды. 1993 жылы Бертон “Рождествоның алдында Бастығырылу”-ды жазған және оның продюссері болған. Оның келесі жобасы американдық режиссер Эд Вуд өмірі туралы “Эд Вуд” (“Ed Wood”) фильмі 1994 жылы 7 қазанда жарық көрді. Оның кассалық жинағы жемісті болмағанымен, кино сыншылардан жақсы пікірлер естіп, екі Оскар алды. 1995 жылы американдық фильм сыншысы Марк Солсберри “Бертон бойынша Бертон” (“Burton on Burton”) кітабын шығарды. Кітаптың алғысөзін жазған – Джонни Депп. 1996 жылы “Марс шабуылдайды!” (“Mars Attacks!”) прокатқа шықты. Үш жылдан кейін Бертон өзінің алғашқы “Ұйқылы алқап” (“Sleepy Hollow”) қасіретін фильмін түсірді. 1997 жылы Бертон суреттерін өзі салған “Устрица баланың мұнды өлімі ” (“The melancholy death of oyster boy”) кітабын шығарады. Бёртонның жеке өмірін зерттесек, 1987 жылы ол неміс фотограф Лена Гейскеге үйленді, бірақ төрт жылдан кейін екеуі ажырасып кетті. Көп ұзамай ол модель және актриса Лиза Мариямен танысып, кездесуді бастады.

Бертон 21 ғасырда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000шы жылдардың басында Бертон АҚШның Калифорниядан Ұлыбританияның Лондонға көшеді. 2001 жылы фантастикалық фильм “Маймылдар планетасы” (“Planet Of The Apes”) бойынша жұмыс басталды. Фильмдегі актерлер күшті ойнаған және фильмнің өзі коммерциялық табысты болды. Осы уақытқа дейін оның ата-анасының екеуі де қайтыс болды, содан кейін Лиза Маримен қарым-қатынасы аяқталды. Модель Лиза Мари Бертонның “Эд Вуд”, “Марс шабуылдайды!”, “Ұйқылы алқап”, “Стэйнбой және оның дүниесі” және “Маймылдар планетасы” сияқты фильмдерде оның бастапқы музасы болды. Сәлден кейін ол Хелена Бонэм Картермен кездесуді бастады. “Маймылдар планетасы”-нан кейін Бонэм Картер Бертонның әрбір фильмінде рөл ойнады. 2003 жылы олардың ұлы Билли Рэй дүниеге келді. Сол жылы ол өзінің ең жеке және эмоционалдық “Үлкен балық” (“Big Fish”) фильмінде режиссерлік еткен. Фильмде Бертон өзінің әкесі қайтыс болған кезде қалай сезгенін сипаттайды. Ол әкесінің қиял мен мистикалық әлемін сипаттайды. 2005 жылы Бертон басты рөлде Джонни Деппен романды негіздеп алған “Чарли және шоколад фабрикасы” (“Charlie and the Chocolate Factory”) блокбастерін түсірген. Фильм оның еңбектерінің хиттерінің бірі болды. Бұл фильм “Джэймс және Алып Шабдалы” (“James and the Giant Peach”)мен бірге Роалд Далдың балаларға арналған кітаптан негізделіп түсірілген. Сол жылы шыққан “Қалыңдықтың мәйіті” (“Corpse Bride”) қозғалыс тоқтату анимациялық фильмі Үздік анимациялық функциясы үшін Оскар алған. “Қалыңдықтың мәйіті” фильмінде ұяң күйеу жігіт Виктор байқаусызда қалыңдықтың мәйітіне үйленетін болды. 2007 жылы Бертон Entertainment Weekly журналына сәйкес тарихтағы 50 ең ұлы режиссерлерінің арасында 49-шы орын алады. 2007 жылы “Суини Тодд: Флит көшесінің әзәзіл-шаштаразшысы” (“Sweeney Todd: The Demon Barber of Fleet Street”) мюзиклы шықты. Үш жылдан кейін, 2010 жылы 5 наурызда “Алиса ғажайыптар елінде” (“Alice in Wonderland”) фильмінің кассалық алымы бүкіл әлемде миллиардтан астам доллар жинады. Бертон американдық Джонни Депп пен Энн Хэтэуэй, және австралиялық Миа Васиковсканы қоспағанда, киносына толықтай британдық актерлерді (Хелена Бонэм Картер, Майкл Шин, Стивен Фрай, Алан Рикман, Барбара Уиндсор, Тимоти Сполл, Кристофер Ли, Мэтт Лукас, Пол Уайтхаус, Линдси Дункан, Фрэнсис де ла Тур, және Джеральдин Джеймс) шақырды. Әңгіме балалық кездегі саяхаты жайлы ұмытып кеткен жиырма жастағы Алисаның Ғажайыптар әлеміне қайтып келуі туралы. Бұл фильм жақсы және жаман адамдар туралы емес, бірақ оғаш мінезді адамдарды сипаттайды. Сол жылы қызы Нэлл дүниеге келді. 2012 жылы “Қараңғы елестер” (“Dark Shadows”) қасіретін комедия фильмі түсірілді. Джонни Депп пен Хелена Бонэм Картер жетекші рөлдерді атқарған. Сол жылы Бертон Темір Бекмамбетовтің режиссерлік еткен “Авраам Линкольн: вампирлерге аңшы” (“Abraham Lincoln: Vampire Hunter”) картинасының тең продюсері болған. Күзде қайта түсірілген “Франкенвини” шығады. 2014 жылы туралы “Үлкен көздер” (“Big Eyes”) биографиялық драмасында режиссер болды. Бұл драма болған оқиғаларға негізделген. 1960 жылдары Уолтер Кин әйелінің жұмыстарын өз атымен көрсетіп жүрді. Бұның себебі – әйелі Маргарет өз атынан суреттерді жариялауға ұялған. Бірақ ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде күйеуі картиналар жайлы ақиқатты жасырып көздері үлкен балалардың портреттерін өзінің жұмысы ретінде көрсетіп жүре берген. Енді суреттердің шын авторын дәлелдеу қиын болады. Басты рөлдерде Эми Адамс пен Кристоф Вальц ойнайды. Осы жылы Бертон мен Хелена Бонэм Картер айырылысты.

1971 — “Доктор Агор аралы” (“The Island of Doctor Agor”) (қысқа, жоғалған болып саналады) – режиссер

1976 — “Худини: Айтылмаған әңгіме” (“Houdini: The Untold Story”) (үзінділер 2007 жылғы Лондон кинофестивалінде көрсетілді) – режиссер

1978 — “Жаман түсіме қош келдіңіздер” (“Welcome To My Nightmare”) (қысқа) – режиссер

1979 — “Балдыркөктің ізіне түсу” (“Stalk of the Celery”) (анимациялық, қысқа, үзінділер

2006 жылы испан телевизияда көрсетілді) – режиссер, продюсер

1979 — “Өлім докторы” (“Doctor of Doom”) (қысқа, тек үзінділер қалған) – режиссер

1982 — “Винсент” (“Vincent”) (анимациялық, қысқа) – режиссер

1982 — “Луау” (“Luau”) (үзінділер

2001 жылы француз телевизияда көрсетілді) – режиссер, продюсер

1982 — “Гензель мен Гретель” (“Hansel and Gretel”) – режиссер

1985 — “Аладдин және оның сиқарлы шамы” (“Aladdin and His Wonderful Lamp”) – режиссер

1984 — “Франкенвини” (“Frankenweenie”) (қысқа) – режиссер

1985 — “Пи-Ви-дің Үлкен Қызықты Оқиғасы” (“Pee-wee’s Big Adventure”) – режиссер

1986 — “Альфред Хичкок ұсынады - Құты” (“Alfred Hitchcock Presents — The Jar”) – режиссер

1988 — “Битлджус” (“Beetlejuice”) – режиссер, атқарушы продюсер

1989 — “Бэтмен” (“Batman”) – режиссер

1990 — “Эдвард қайшықолдар” (“Edward Scissorhands”) – режиссер, продюсер

1990 — “Винсентпен әңгімелесу” (“Conversations with Vincent”) (деректі, аяқталмаған) – режиссер

1992 — “Отбасылық ит” (“Family Dog”) – атқарушы продюсер

1992 — “Бэтменнің қайтып келуі” (“Batman Returns”) – режиссер, продюсер

1993 — “Рождествоның алдында Бастығырылу” (“The Nightmare Before Christmas”) – продюсер

1994 — “Юнга” (“Cabin Boy”) – продюсер

1994 — “Эд Вуд” (“Ed Wood”) – режиссер, продюсер

1995 — “Мәңгі-бақи Бэтмен” (“Batman Forever”) – продюсер

1996 — “ Джэймс және Алып Шабдалы” (“James and the Giant Peach”) – продюсер

1996 — “Марс шабуылдайды!” (“Mars Attacks!”) – режиссер, продюсер

1999 — “Ұйқылы алқап” (“Sleepy Hollow”) – режиссер

2000 — “Озда жоғалған” (“Lost in Oz”) – атқарушы продюсер

2000 — “Стэйнбой және оның дүниесі” (“The World of Stainboy”) (анимациялық, қысқа) – режиссер, продюсер

2001 — “Маймылдар планетасы” (“Planet Of The Apes”) – режиссер

2003 — “Үлкен балық” (“Big Fish”) – режиссер

2005 — “Чарли және шоколад фабрикасы” (“Charlie and the Chocolate Factory”) – режиссер

2005 — “Қалыңдықтың мәйіті” (“Corpse Bride”) (анимациялық) – режиссер, продюсер

2006 — “Сүйек” (“Bones”) (The Killers тобының әніне музыкалық бейне клип) – режиссер

2007 — “Суини Тодд: Флит көшесінің әзәзіл-шаштаразшысы” (“Sweeney Todd: The Demon Barber of Fleet Street”) – режиссер

2008 — “9” (“9”) – продюсер

2009 — “Риплидің Сенсеңіз де, сенбесеңіз де!” (“Ripley’s Believe It or Not!”) – продюсер

2009 — “Франкенвини” (“Frankenweenie”) – режиссер, продюсер

2010 — “Алиса ғажайыптар елінде” (“Alice in Wonderland”) – режиссер, продюсер

Болашақ жұмыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылы Бертон түсіретін “Оғаш балаларға арналған Мисс Перегриннің үйі” (“Miss Peregrine’s Home for Peculiar Children”) фильмі шығады. Бұрын “Қараңғы елестер” фильмінде ойнаған Ева Грин, осы кинода басты рөл ойнайтын болады. Әңгіме жетім тобын жоюға жаратылыстарынан құтқаруға көмектесетін қыз туралы. Бёртонның соңғы фильмдері табысты болды, және оның болашақ жобалары режиссерлікпен байланысты болып, Бертон тағы бірнеше ғажайып туындыларды жасайды деп үміттенудеміз.

Джонни Депп және Тим Бертон

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солсберри “Бертон бойынша Бертон” кітабының алғысөзін Тимнің жақын досы – Джонни Депп жазған. Актер Тимге толығымен сенеді және Тим нені сұраса да, бәрін істейтінін айтады. Джоннидың айтуынша, Тим шын мәнінде түсірілімді жақсы көреді, және ол фильм жасаудың кемеңгері ғана емес, сонымен қатар ішкі дүниесімен данышпан. Джонни Тимнің ұлының кіндік әкесі. Ол Бертонмен 1990 жылы “Эдвард қайшықолдар” фильмінде ойнап, келесі “Эд Вуд”, ”Ұйқылы алқап”, ”Чарли және шоколад фабрикасы”, “Қалыңдықтың мәйіті”, “Суини Тодд”, “Алиса ғажайыптар елінде” сияқты фильмдерде жұмыс істеді.


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy