Мазмұнға өту

Фисгармония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фисгармония (нем. Fisharmonium, грек. physa - көрік және harmonia - гармония) - орган тәрізді көп дауысты клавишті музыкалық аспап.19 ғасырдың бас кезінен белгілі. Әсіресе, ол тасымалдау тұрғысынан қолайлы болғандықтан көпшілік арасына кең тарап, музыкалық шығарманы орындау мен сүйемелдеу үшін үйде де, мектепте де пайдаланып отырды. Сыртқы бітім-тұрпаты пианиноны еске түсіргенімен көлемі жағынан шағындау. Дыбысы аяқпен тепкілі құрылғы көмегімен көрікті жоғары-төмен басып отырудан туатымен ауа күшімен қозғалысқа келетін темір тілшелер арқлы шығады. Оның 6 – 20 регистрлі фортепьяндық клавиатурасы болады. Фисгармонияның құлаққа жағымды үні арфа, рояль мен ысқылы музыкалық аспаптар дыбысымен әдемі үйлеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.

pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy