Мазмұнға өту

Штип

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ШтипМакедония Республикасының шығысында орналасқан ірі қала [1]. Штип қауымдастығының әкімшілік орталығы.

2007 жылдың 27 наурызында қалада мемлекеттік Гоце Делчев Университетінің тұсауы кесілді.

Штип - Македония Республикасындағы ежелгі қалалардың бірі. Қала Астибо деген атаумен б.з. 1-ғасырындағы деректерде алғаш рет ұшырасады. Кейіннен болгар тобындағы славяндар оған Штип атауын береді. 9-ғасырдан бастап қала болгар мемлекетінің құрамына енген. Бұдан кейін қала бірнеше мәрте Византия мен Сербияның қарамағында болды. 1382 жылы қала османдықтардың иелігіне өтеді. Қалаға түріктер Истип деген атау берді.

19-ғасырда Штип Осман империясының каза орталығы болған. Болгар этнографы Васил Кынчовтың мәліметтеріне сүйенсек 19-ғасырдың соңында Штиптің халық саны 20 900 адамды құраған. 1912 жылы Бірінші Балқан соғысы кезінде болгар армиясы қаланы босатып, 1913 жылы ол Сербия құрамына енеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%82%D0%B8%D0%BF
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy