Мазмұнға өту

Қортпа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құртпа (қорытпа) балық
Құртпа (қорытпа) балық (белуга)

Құртпа балық немесе Қортпа (→қорытпа) балық [1](лат. Huso huso) — бекірелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін болады.

Каспий, Азов, Адриат, Қара теңізде және оларға құятын өзендерде болады. Балық өнеркәсібінде мұның маңызы өте зор.[2]

Қортпаның тұмсығы қысқа әрі үшкір, астыңғы ерні ортасынан бөлінген; ұзындығы 380 см, салмағы 350 килограмдай. 1986 жылы сәуірде Жайық өзенінен ірі Қортпа ұсталған, оның салмағы 867 кг, уылдырығы 156 кг, 5,69 миллион уылдырық болған. Жекелеген аталықтары 9 – 11 (негізінен 12 – 15), аналықтары 12 – 14 (негізінен 15 – 20) жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын шашу үшін Жайыққа шілде – қазан және наурыздың соңы, сәуірдің басында өрістейді. Жазда өрістейтіндері қыста терең шұңқырларда қыстайды да, уылдырығын көктем шыға 6 – 12 м тереңдікте су температурасы 7 – 110С-қа жеткенде, ал көктемде өрістейтіндері уылдырығын (2 – 3 млн-дай) 3 – 8 м тереңдікте су температурасы 10 – 150С болғанда тастақты жерлерге (араға бірнеше жыл салып) шашады. Қортпаның бір жастағы шабақтары теңіздегі майда балықтармен (бұзаубас-балықтар, т.б.) қоректенсе, екі жастан соң толық жыртқыштыққа көшеді. Қортпа кәсіптік маңызы бар балық болып саналады. Қортпаны сүйрік балықпен будандастырудан бестер балығы алынған.[3]

Ұрғашы балықтары жыныстық сезімін 16-18, ал еркектері 12-14 жасында сезінеді. Уылдырық шашуы жылда емес, жобамен бес жылда бір-ақ рет. Сақа қорытпалар нағыз жыртқыштар болып саналады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рыбы Казахстана, т. 1, А.-А., 1986; Джумалиев М.К., Биоразнообразие животного мира (хордовые), 1 ч., А., 2002.
  2. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том , Алматы — 1959
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  4. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy