Мазмұнға өту

Қосаяқтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қосаяқтар
Қазбалық ауқымы: Oligocene–Recent

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Ұлы тұқымдасы: Қосаяқтар
Тұқымдасы: Dipodidae
Григорий Иванович Фишер фон Вальдгейм, 1817
Subfamilies

Allactaginae
Cardiocraniinae
Dipodinae
Ұзынқұлақ тышқан
Sicistinae
Zapodinae

Қосаяқтар (лат. Dipodidae) – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.

Қазба қалдықтары Қытайда орта миоцен қабатынан табылған. Солтүстік Африка, Арабия, Кіші және Алдыңғы Азияда, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орта Азияның шөл, шөлейтті және далалы аймақтарында кең таралған. Дүние жүзінде 14 туысқа жататын 40-қа жуық түрі белгілі. Көбіне 2–3 жыл (кейбіреулері 4 жылдай) өмір сүреді. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Оның 4 түрі: бессаусақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, үшсаусақты ергежейлі қосаяқ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).[1]

Биологиялық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Дене тұрқы 4,5 – 5,0 сантиметр, салмағы 7 – 10 грамм.
  • Тері жамылғысы тығыз әрі жұмсақ, түсі – сарғыш, құм түстес.
  • Артқы аяқтары ұзын, 3 не 5 саусақты, алдыңғы аяқтары 5 саусақты. Жүргенде тек артқы аяқтарымен секіреді. Алдыңғы аяқтарымен қорегін ұстап, ін қазады.
  • Құйрығы дене тұрқынан ұзын, қысқа түкті.
  • Құлақ қалқандары көпшілігінде үлкен, кей түрінде қатпарланып, қысқарған.
  • Көздері өте үлкен.
  • Күздің аяғынан көктемге дейін қысқы ұйқыға кетеді.

Уақытша және тұрақты індері болады. Індерінің ұзындығы 1 метрден 4 метрге, ал тереңдігі 20 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді.
Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Ұрғашылары жылына 2 – 3 рет (әр жолы 1 – 9-дан) балалайды.
Көптеген түрлері бірқатар індеттерді, әсіресе оба ауруын таратады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  2. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dipodidae
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy