Қосқанаттылар
Қосқанаттылар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Кіші отрядтарыы | ||||||||||||
|
Қос қанаттылар (Diptera) – жәндіктер класының бір отряды.
Жер шарында кең таралған, 150-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 отряд тармағы (ұзынмұрттылар және қысқамұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Қазба қалдықтары триас кезеңінен белгілі. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қос қанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенеді. Қос қанаттылар арасында синантроптар да (үй жануарлары, өсімдіктер және микроорганизмдерге қатысты; мысалы, тышқан, шыбын) бар. Қан сорғыш жәндіктер (масса, шіркей, т.б.) адам мен малға безгек, энцефаломиелит, күйдіргі сияқты жұқпалы аурулар таратады. Гессен шыбыны, швед шыбыны, ұзынсирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі – аулы шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қос қанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны – өсімдіктерді тозаңдандырады; жеміс шыбыны (дрозофила) генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері (тахина) зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; хирономид дернәсілдері – балық жемі; ктырьлар шегіртке, маса, шыбынды құртады. Қазақстанда 6 түрі (мыс., алып шыбын, жетілмеген эфедрома, құмыты шыбыны, т.б.) “Қызыл кітапқа” енгізілген.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ энциклопедиясы", VI-том