Мазмұнға өту

Әктас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әктастаршөгінді тау жыныстары; негізінен, кальциттен СаСO3 тұрады. Барлық шөгінді тау жыныстарының 20%-ін құрайды. Әктастар жоғары температураның әсерінен қайтадан кристалданып, мәрмәрға айналады. Олар көбінесе теңіз түбінде түзіледі. Металлургияда, құрылыста, химия өнеркәсібінде пайдаланылады.

Әктас – кальциттен, кейде арагониттен тұратын кең таралған шөгінді тау жынысы. Құрамында қоспа ретінде сазды минералдар, халцедон, кварц, глауконит, пирит, гипс, ангидрит, т.б. кездеседі. Әктастар негізінен саяз теңіздер мен қолтықтарда, кейде тұщы көлдерде қалыптасады. Жаратылысы жағынан әктастар органогенді, хемогенді (химиялық), кесекті және криптогенді болып түзіледі. Органогенді әктастар жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтарынан қалыптасады. Жәндік қалдықтарынан тұратынын зоогенді, ал өсімдіктен тұратынын фитогенді әктастар дейді. Хемогенді әктастар қалыңдығы тұрақты қабаттар, конкрециялар құрайды. Олардың түстері әр түрлі (ақ, күңгірт сұр, қара, т.б.) болып келеді. Химиялық әктастар саяз теңіздерде, көлдерде қалыптасады. Кесекті әктастар әр түрлі өлшемді карбонатты кесектер мен үгінділерден тұрады. Криптогенді әктастарға жаратылысы белгісіз, өзгерген әктастар жатады. Олар кристалл түйірлі болады. Әктас – негізгі құрылыс материалдарының бірі. Ол қара металлургияда флюс ретінде, химия өнеркәсібінде (сода, карбид, минералдық тыңайтқыштар өндіру үшін), қант, шыны, цемент өндірістерінде қолданылады. Әктастың Қазақстанда көптеген кен орындары (Саяқ, Ақтас, Керегетас, Ақжар, т. б.) бар.[1]

Ізбестастардан салынған кереге
Горнозаводсктағы ізбестастар кені

Өзінің қалыптасу тегіне орай I. бірнеше түрлерге болінеді:

  1. биотекті (органотекті) I. жәндіктер мен өсімдіктердің карбонатты қаңқалары есебінен қалыптасады;
  2. хемотекті I. су кұрамындағы карбонаттардың химиялық тұнба ретінде шөгуі нәтижесінде түзіледі;
  3. қайта кристалданған I. алғашында ұсақ түйіршікті немесе құрылымсыз масса түрінде қалыптасқан карбонаттардың өз құрамын өзгертпей-ақ ірі түйіршікті жыныстарға айналуы салдарынан түзіледі;
  4. түйіртпекті (кластикалық,; кластотекті) I. карбонат түйіршіктерінің су алабы түбіне бірте-бірте шөгуі нәтижесінде қалыптасады;
  5. тастума I. өте сирек ұшырасады, бұлардың болмысын өзгермелі жыныстар құрамындағы өзге минералдар есебінен кальций карбонатының жаңадан туындау нәтижесі деп түсіну керек.

[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  2. Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy