Крис Мартин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Крис Мартин
Chris Martin
Сурет
Крис Мартин Англиядағы концертінде
Негізгі ақпарат
Толық аты

Кристофер Энтони Джон Мартин

Туған күні

2 наурыз 1977 (1977-03-02) (47 жас)

Туған жері

Эксетер, Девон, Англия

Белсенділік жылдары

1996 — қ.у.

Мемлекет

Үлгі:Country data Great Brіtaіn Ұлыбритания

Мамандықтары

Вокалшы, продюсер, музыкант

Жанрлары

Брит-поп, Альтернативтік рок

Ұжымдары

Coldplay

Қызметтес болған

Rihanna

Лейблдері

EMI

Coldplay–дің ресми сайт


Кристофер Энтони Джон Мартин(ағ. Christopher Anthony John Martin) – Coldplay тобының фронтмені, вокалшысы және клавишшісі 1977 жылдың 2 наурызында Англияның Девоншир графтығының Эксетер қаласында дүниеге келді. 2003 жылдың 5 желтоқсанында американдық актриса Гвинет Пэлтроумен(ағ. Gwyneth Kate Paltrow) тұрмыс құрады. 2004 жылдың 14 мамырында қызы Эппл Блайз Элисон (Apple Blythe Alison), 2006 жылдың 8 сәуірінде Мозес баласы Брюс Энтони (Moses Bruce Anthony) дүниеге келеді.

Крис университетте оқып жүрген кезінде Джонни Баклэнд, Уилл Чемпион және Гай Беррименмен танысады. 1996 жылы олар Coldplay атты рок-тобын құрады. 2000 жылы олар алғашқы альбомы Parachutes шығып, сонымен қатар халықаралық аренада даңққа жетеді. Уақыт өте келе олар тағы төрт альбом шығарады: A Rush of Blood to the Head, X&Y, Viva la Vida or Death and All His Friends және Mylo Xyloto.

Соло мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Соло әнші ретінде Мартин Embrace («Gravity») және Jamelia («See It in a Boy's Eyes») сияқты орындаушыларға ән жазады. Сонымен қатар, Мартин Ron Sexsmith, Faultline, The Streets және Иэн Маккаллох сияқты артисттермен жұмыс істейді. 2004 жылдың соңында Band Aid 20 тобының вокалшысы ретінде «Do They Know It's Christmas?» өлеңін орындайды. 2005 жылы Мартин Нелли Фуртадомен, оның Loose альбомының «All Good Things (Come to an End)» өлеңімен жұмыс істейді. 2002 жылы бұл екеуінің арасында сезім бар екені туралы сыбыс тарады. Фуртадо, бұл жаңалықты білгеннен кейін, жай ғана күліп, «Ия, ол менің жігітім, бірақ өзі мұны білмейді»[1]. 2006 жылы Кристің хип-хоп музыкамен қызығушылығы мәлім болды. Ол реппер Jay-Z мен оның Kingdom Come альбомымен жұмыстанады. Крис болашақ ән «Beach Chair»–ге арнап бірнеше аккордтардың ұзын-ұрғасын салып, Jay-Z–ге жібереді. Жаңа өлеңді олар алғашқы рет 2006 жылдың 27 қыркүйегінде Jay-Z–дің еуропалық туры кезінде, Royal Albert Hall–де орындайды. 2007 жылы Мартин Swizz Beatz–тің соло әнші ретіндегі дебютты One Man Band Man альбомының «Part of the Plan» өлеңін орындайды. Сонымен қатар, ол Канье Уэстпен жұмыс істеп, екеуі 2006 жылы Эбби-Роуд студиясындағы концертінде экспромт орындайды. Олар бірге «Homecoming» жазады.

Мартиннің сөзі бойынша, оған әсер еткен топтардың бірі норвегиялық поп-топ – a-ha. Ол 12 жаста болғанда, осы топтың 'Hunting High and Low' өлеңі оның жадында қайта-қайта ойнаған. Қазіргі кезде де, a-ha тобының оған мәні көп. Сонымен қатар, Мартиннің осы топтың әншісі Мортен Харкетке еліктегені белгілі: « Харкеттің жеңінде әрдайым бірдене жасырылып тұрды. Мен де солай істеймін. Ол өмірде кездестірген адамдардың ең әдемісі». Мартинге кез келген музыка түрі ұнауы мүмкін. Ол британдық топ Take That-тің[2] және әнше Кайли Миноугтің[3] жанкүйері болып табылады.

In My Place өлеңін орындауы кезінде
Trouble өлеңін орындауы кезінде


Соло орындаушы ретіндегі дискографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Туынды Орындаушы Альбом Рөлі
2002 «Where Is My Boy», «Your Love Means Everything, Pt. 2» Faultline Your Love Means Everything Вокал
«Gold in Them Hills» Ron Sexsmith Cobblestone Runway Вокал
2003 «Sliding», «Arthur» Ian McCulloch Slideling Фортепиано, бэк-вокал
«See It in a Boy's Eyes» Jamelia Thank You Авторлас, бэк-вокал
2004 «Everybody’s Happy Nowadays» Ash Orpheus Бэк-вокал
«Gravity» Embrace Out of Nothing Автор
«Do They Know It's Christmas?» Band Aid 20 - Вокал
2006 «All Good Things (Come to an End)» Нелли Фуртадо Loose Авторлас, бэк-вокал
«Beach Chair» Jay-Z Kingdom Come Продюсер, вокал
2007 «Homecoming» Канье Уэст Graduation Авторлас, вокал, фортепиано



Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ChartAttack.com staff (2001). «Compilation Brings Nelly Furtado and Chris Martin Together Forever» Мұрағатталған 12 шілденің 2007 жылы. ChartAttack.com. Retrieved 2006-04-25.
  2. Chris Martin reveals Coldplays secret love of Take That. Celebrities News. fametastic (17 қараша 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 ақпан 2012. Тексерілді, 12 сәуір 2008.
  3. Jason Gregory Chris Martin : Kylie Minogue ie like Girls Aloud rolled into one (18 мамыр 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 ақпан 2012. Тексерілді, 8 мамыр 2009.