Кёнсандо
Кёнсандо — Чосон әулетінің кезеңінен қалыптасқан Кореяның сегіз провинцияларының бірі. Астанасы Тэгу.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кёнсандо — Корё кезеңінде Йоннам, Саннам және Йондон секілді провинциялардың біріктіруінің арқасында пайда болған провинция .
Кёнсандо өзінің атауын 1314 жылы алды. Бұл атау провинцияның Кёнджу (경주) және Санджу (상주) секілді басты екі қалаларының алғашқы әріптеріне байланысты қойылған.
1895 жылы Кёнсандо таратылды. Оның орнына солтүстігінде Андон (Андон-бу; 안동부) ауданы, орталық бөлігінде Тэгу (Тэгу-бу; 대구부), Оңтүстік-батысында Чинджу (Чинджу-бу; 진주부), және оңтүстік-шығысында Тоннэ (Тоннэ-бу; 동래부 қазіргі Пусан) қалыптасты .
1896 жылы Андон, Тэгу, және Тоннэнің солтүстік бөлігі бірігіп, Кёнсан-Пукто провинциясын құраса, Чинджу және Тоннэнің оңтүстік бөлігі — Кёнсан-Намдо провинциясын құрады. Қазіргі кезде екі провинция да Оңтүстік Кореяның құрамына кіреді.