Ацетилцеллюлоза
Ацетилцеллюлоза немесе целлюлоза ацетаты целлюлоза мен сірке қышқылының күрделі қосылысы. Химиялық формуласы: С6Н77О2 (ОСОСН3)3.
Физикалық қасиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақ түсті асорфты зат.
Тығыздығы 1300 кг/м³.
190—210 °C-қа дейін қыздырғанда түсі өзгереді.
230 °C температурада ыдырай бастайды.
Алынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мақтаның жіп иіруге жарамайтын қысқа мамығына, ағаш целлюлозасына сірке альдегидімен әсер еткенде алынады. Катализатор ретінде күкірт не тұз қышқылы, еріткіш ретінде сірке қышқылы не метиленхлорид, сұйылтқыш ретінде бензол, толуол, төрт хлорлы көміртек пайдаланылады.
Немесе сірке ангидридтің целлюлозаға әрекеттескенінің нәтижесінде:
С6Н7О2(ОН)3]n + 3n(CH3CO)2O = С6Н7О2(ОСОСН3)3]n + 3nCH3COOH
Қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ацетилцеллюлоза өнеркәсіпте кең қолданылады, себебі күн сәулесіне төзімді, тозбайды, отқа берік. Мұның ацетаттарынан ацетат жібек, сыр, пластикалық масса т.б. халық шаруасына өте қажет заттар алынады[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том