Батпақ тасбақасы
Батпақ тасбақасы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Emys orbicularis (Линней, 1758) | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Testudo orbicularis Linnaeus, 1758 |
Батпақ тасбақасы немесе Саз тасбақасы [2] (лат. Emys orbicularis) – тұщы су тасбақалары тұқымдасына жатады.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропадан шыққан түр болғандықтан, тек солтүстік-батыс Қазақстанды мекендейді. Ол Еділдің атырауынан Ырғыз су қоймасы мен Сырдария сағасына дейін таралған. Жайық өзенінің сағасынан Қазақстанның солтүстік шекарасына дейін тіршілік етеді. Соңғы кезде саз тасбақасы Қостанай облысының кейбір өзендері мен көлдерінде кездесіп жүр. Ағысы жай тұщы су қоймаларын мекендейді. Өзендер,көлдер және шалшық сулардың тыныш және тұңғиық жерлерін таңдайды. Паналайтын жері-су қоймасының түбіндегі лай, әрі сол жерде қыстайды.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сауытының түсі жасыл көк, біртегіс, сарғыш дақтары, сызықтары болады, ұзындығы 25 см. Басында, мойнында, аяғында да ұсақ сары дақтары бар. Құйрығының ұзындығы сауытының жартысындай болады. Суда жақсы жүзеді әрі сүңги алады, қауіп төнген кезде су түбіндегі лайға тығылады, кейде құрлыққа да шығады. Батпақ тасбақасы су, құрлық жәндіктерімен, кейде өсімдіктермен де қоректенеді. Ол 6 – 8 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жылына 2 – 3 рет су түбіне шағын шұңқыр қазып, жұмыртқасын (5 – 10) сонда салады. 2 – 3 айдан соң ұрпағы жұмыртқадан шығып, батпақ арасында қыстайды, келесі жылы көктемде жер бетіне шығады. Батпақ тасбақасы кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланылады. Зиянды жәндіктермен қоректеніп пайда келтіреді.[3]
Бұл тасбақа жазда су түбінде болғанда,өкпесіне ауа толтыру үшін су бетіне шығады, сөйтіп тек тұмсығының ұшын ғана судан шығарады. Жазда, шуақты күнде су бетіндегі ағаш пен томарға шығады,егер қауіп төне қалса, суға түсіп кетеді. Су қоймалары қатып қалса, түбінде қыстаушы тасбақалар қырылып қалады. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Негізгі қорегі - су жәндіктері, ұсақ балықтар мен шаянтәрізділерді де жейді, тіпті өсімдіктермен де қоректенеді (асқазанындағы қорегінің 15% өсімдік қалдықтары болған). Аналығы мамырда, содан кейін маусым-шілдеде күнге жақсы қыздырынатын құрғақ жерден 12см тереңдіктегі шұңқыр қазып,10 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларды көміп, сауытымен топырақты нығыздап, аналығы суға оралады. Келесі жұмыртқа салғанша, бұл жерге келмейді. Инкубациялық уақыты 60 күннен 110 күнге дейін созылады. Ұсақ тасбақалар жұмыртқадан тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында шығады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Tortoise & Freshwater Turtle Specialist Group (1996). Emys orbicularis. 2006. IUCN Red List of Threatened Species. IUCN 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 11 мамыр 2006.
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |